М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danielfokin
danielfokin
24.05.2023 17:09 •  Қазақ тiлi

515. Көшпенділердің уақыт пен өлшемді анықтау белгілері
1.
Оқылым
Мотінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Екінші азат жолдағы уакыт өлшемдеріне
түсінік беріп көріңдер,
Уақытты анықтау
Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолда-
аудың соті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді.
Жылды, тоқсайды, айды, аштаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті
мен ыңғайын да ойластырған. Мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде, қазақ
тілі атауларға бай. Қыс, көктем, ясаз, күз – мезгіл өлшемдеріне жатады. Мер-
аім өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 секунд), сүт пісірім (5-10 мин),
бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5-3 сағат), бір күн, бір түн (тәулік), апта
(7 күн), ай (30–31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн) немесе 12 ай, ғасыр
(100 жыл). Адам өмірі де жаспен (1 жыл), мүшелмен (12 ясас) есептеліп, бір
мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас) төрт мүшел (49 жас)
болып бөлінеді.
Уақыт мезгілдерін анықтауда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық,
әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы: елең-алаң, қүланиек, таң сәрі, құлқын
сөрі, таң бозара, алагеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн іқыза,
күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле, түске жақын, тал түс, шаңқай түс,
соске түс, түс ауа, түс қайта, бесін, екiндi, кеш, күн бата, ымырт, іңір, алақ-
сапақ, намаздыгер, ақшам, бейуақыт, қас қарал, ай туа, түн ортасы, жүлдыз
сене, т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес, халқымыздың таным-түсінігі,
әр істің байыбына терең бойлауы, бағдарлауы, тіл қабілетінің жоғары тұрганы
байқалады. Мезгілді күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызга қарап анықтаған.
(«Қазақстан» энциклопедиясынан)​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
AlyonaAtlanta
AlyonaAtlanta
24.05.2023

Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

4,8(98 оценок)
Ответ:

Мектеп кітапханасы

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.

Подробнее - на -

4,6(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ