- Отан неден басталады?
- Менің ойымша, әр адам өз Отанын әр түрлі байланыстырады, біреу өз анасын алаңсыз балалық шағы өткен аулада көреді, біреуі туған жерін өзі қалдырып кеткен қалада көреді және үнемі сол қалашық құрметті орынға ие болды. жүрегім, біреу бұл сөзбен кең байтақ Қазақстанды түсінеді, бірақ мен үшін Отан - бұл менің отбасым, мен бала кезімнен бастап өзіме қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікті дарыттым, ал менің әкем мені балық аулауға және орманға алып кетті, сондықтан олар айтты Олар маған өзім тұратын ел ретінде Отан туралы өте кең ұғымды көрсетті, міне олар маған өз халқымның мәдениетін, осы жерде аталар мен әжелерді үйретті. Мен өз Отанымды және отбасымды жақсы көремін!
Объяснение:
Көшпенділер мәдениеті
/История /Культура /Көшпенділер мәдениеті

Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.
Мен аралға тап болсам...
Кей кездері қиялдың жетегіне еріп, «мен ешкім тұрмайтын аралға тап болсам, не істер едім?» деген сұраққа жауап іздеймін.
Әрине, ең алдымен қобалжымай, «жас табиғат зерттеушісі» үйірмесінде осы жайлы үйренгенімді еске түсіруім қажет. Сонымен, кеме немесе ұшақ апаты болған жағдайда барлық адамдарды бір топқа жинау керек. Осылайша өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мен жараланған адамдарға көмектесу оңай болады. Одан кейін ұшақта немесе кемеде қалған құнды әрі керекті заттардың барлығын жинастыру керек. Бұл дегеніміз – түрлі дәрі – дәрмектер, байланыс құралдары, тамақ, киім, көрпелер секілді заттар болуы мүмкін. Одан кейінгі кезекте аралды барлауға шығып, аборигендер, жанартаулар, жабайы жануарлар бар – жоқтығын тексеру қажет. Келесі кезекте ауыз су іздеу керек, көп аралдарды жер асты сулары болады. Болмаған жағдайда жаңбырдың суын жинауға болады. Сосын ұйықтайтын жер мен күн көзінен тығылуға болатын жерді қамдау керек. Жоғарыда айтылған іс – әрекеттерден соң от жағу керек. Оттың көмегімен тамақ пісіріп, жылынып, су қайнатып, киім кептіріп, жабайы жануарлардан қорғануға болады. Және міндетті түрде СОС белгісін беру керек.
Міне, мен ойда жоқта аралға тап болып жатсам, осы іс – әрекеттерді жасайтын едім.