Қазақстан аумағындағы тарихи қалалар қатарына Тараз, Түркістан, Маңғыстау, Көкшетау қалаларын жатқызсақ болады. Себебі бұл қалаларды тар хи орындар көп және олардың әрқасысында бір тарих жатыр. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан. Бұл жерде қазақ хандары мен атақты кісілер жерленген. Бірнеше ғасырлық тарихы бар қала. Ал Маңғыстау қаласы 362 әулие мекендеген киелі жер. Бұл жерде киелі пір Бекет атаның кесенесі орналасқан. Мекке Мәдинада Мұхаммед,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Маңғыстауда пір Бекет,- деп бекерден айтылмаған. Бұл жерлер киелі болғандықтан айтылған. Ал Көкшетау қаласындағы Оқжетпес ол өз алдына бір тарих. Қазақстанның киелі жерлері тек мұнымен шектеліп қалмайды.
Соңғы жылдары ауаның ластану проблемасы дүние жүзін алаңдатып отырған өзекті мәселеге айнала бастады. Біздің елімізде де ол байқалмай отырған жоқ. Елімізде өнеркәсіп пен өңдеуші кәсіпорындар, жылу-энергия орталықтары және де көлік түрлерінің саны артқан сайын олардың ауа қабатына шығаратын улы газдары көбеймесе, азайып отырған жоқ.
Атмосфераның(ауаның) ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды.
Еліміздің көптеген қалаларында және өнеркәсіп кәсіпорындары көбірек шоғырланған аймақтарда атмосфералық ауа сапасының жағымсыз жағдайларының қалыптасқандығы және мұның сол жерлердегі халықтың денсаулығына қауіп тудырып отырғандығы да жасырын емес.
Объяснение: