М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zemskikh
Zemskikh
07.12.2020 12:32 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма. Эссе жазу. [3] Шарты: (100-150 сөз). Құрылымын сақтап жаз. 1. Кіріспе. 2, Негізігі бөлім. 3. Қорытынды.
«Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер көрінісі

👇
Ответ:
77788899
77788899
07.12.2020

Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

Тарихы

Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен 17-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жsks “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.

Мазмұны

"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.

"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.

4,8(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Милана2345
Милана2345
07.12.2020
Әр ән тыңдағанды ұнатады,менің ойымша ұнатпайтын жоқ.соған қарай орындаушыны да таңдай білу қажет және оның мазмұныға да көңіл бөлу керек.менің сүйікті әншім қайрат нұртас оның әндері маған ұнайды.ол әнші ән айтқанда сол әнді сезініп,түсініп жүрекпен айтады.соның әндерін тыңдап отырып кейде жылағым да келеді.себебі,өмірде болған киын оқиғаларды ол әнмен айтады.менде кішкентай кезімде әші болғым келген,айнаға қарап ән айтатұғынмын,бырақ кәзіргі кезде арманым сод да істеу.бырақ ән айту хоббиыма айналған. подробнее - на -
4,4(39 оценок)
Ответ:
milanaegorova90
milanaegorova90
07.12.2020
Ақын бауыржан жақыптың туғанына 50 жыл (1963)  филология  ғылымдарының докторы, профессор бауыржан өміржанұлы жақып 1963 жылы 1 мамырда қазіргі шығыс қазақстан облысы, абай ауданы аққора ауылында туған.

1985 жылы қазіргі әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1986 жылдан әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметте болды. 1986-1988 жылдары стажер-зерттеуші, 1988-1991 жылдары ассистент, 1991-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-1995 жылдары доцент. 1995-2001 жылдары деканның  оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы.

4,4(58 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ