Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
Салалас құрмалас сөйлем:
1. Мен апама бәліш апардым да,сыртқа ойнауға шығып кеттім. (ыңғайлас с.қ.с)
2. Ол сыныптағы оқушылар сабақты жақсы оқиды,бірақ өзара ұйымшылдық жоқ. (қарсылықты с.қ.с)
3. Айна бүгін жатақханаға қонбайды,себебі туыстарының үйінде туған күн болады. (себеп-салдар с.қ.с)
4. Ол бірде ән айтады,бірде мәнерлеп өлең де оқиды. (кезектес с.қ.с)
5. Азамат сабаққа күнделікті келіп жүрсін не біз оны оқудан шығарамыз. (талғаулы с.қ.с)
6. Қуанғаны сонша – анасын құшақтай жөнелді (түсіндірмелі с.қ.с)
Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
1. Ол оқуын жақсы аяқтайтын болса,жақсы жұмыс та табылады. (шартты бағыныңқылы)
2. Мен оған қанша айтсам да,сөзімді жерге тастайды (қарсылықты)
3. Әпкесі сыйлықты көріп қоймасын деп,жақсылап сөреге тығып қойды. (себеп бағыныңқылы)
4. Мен үйге келгенге дейін,ол тамақ әзірлеп қойыпты. (мезгіл бағыныңқы)
5. Оның жалғыздықта болғысы келіп,өз бөлмесінің есігін құлттап алды. (мақсат бағыныңқы)
6. Көзіне жас толып,Айнагүл үдйен атып шықты. (қимыл-сын бағыныңқы)