Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді: жанғыш — көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық — гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар; химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.
Кең болсаң, кем болмайсың
Көбіміз күйбең тірлікпен жүріп, бұл дүниеде һәм ақыретте пайда беретін қайырымдылықты жиі ұмытып кетіп жатамыз. Қоғамда көптеген жандар тек қаржылай көмекке ғана емес, бәлкім мейірімді алақанға, жылы сөзге мұқтаж. Дін Ислам қоғамдағы осындай кемшіліктің орнын толтыру үшін бізді қайырымдылыққа, жылы сөз бен мейірімділікке шақырады. Біздер бұл нәрселерді ақылмен ұғынып, сөзбен құптағанымызбен іс жүзінде орындап жатқанымыз шамалы. Мұның себептері жетерлік. Солардың бірі – адамның бойындағы иманның әлсіздігі. Иманы күшті адам – тақуалыққа жақын, игі амалдар жасауға ынталы болып келеді. Оның жасаған жақсылығын басқалардың көруі шарт емес, өйткені, ол қайырымдылықты Алланың разылығы үшін жасады. Алла тағала оның жақсылығын еселеп қайтарады. Оның бұған сенімі кәміл.