ответ
Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда
Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.
Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай-даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қо шынайы оқи-ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес-терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз...
Қолыңыздағы роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет басылып, әлемнің 112 еліне тарағанын ескертеміз.
Объяснение:
Көркем әдебиет стилі' - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді.