Объяснение:
Тортай мен Ораш өте адал және ақкөңіл дос.Тортай Орашқа қамқорлық жасап жүреді.Тортай - өте кішіпейіл, адамгершілігі мол азамат. Ол автордың өмірде тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.Ол тек Орашпен ғана сырласады,өз арманын айтады.Тортайдың басқа балалардан айырмашылығы кітапты бас алмай оқуы.Арманы Алматыға барып білім алып,жазушы болып,кітап жазу.Ол Тортайдың ақ боз атты арманы.Сол арманына жете алмайтындығын сезген жетім бала Тортай досына ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып :Мен үшінде оқы,бәлкім,мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің-деді.Тортайдың бұл сөзі оқырманға жақсы ой салады.Тортайдың бұл сөзінен оның ағалық қамқорын,досқа адалдығын,ақылдылығын,алысты көрер ойының ұшқырлығын,мен жете алмасамда Ораш жетсінші деген,- арман тілегін көреміз.Тортайдың арманы орындалады.Ораш кейін жазушы болып,Тортай туралы әңгіме жазды.Өзі міне алмаған ақ боз атты,әңгіменің арқауы болып Орашқа мінгізді.Бұл шығармада жетім бала Тортайдың қасиеттері мен Ораш екеуінің қарым-қатынасы,екеуінің достығы,білімге құмарлықтары ,армандары тартымды суреттелген.Шығарманы оқуға оқырманның құмарлығы артады.Қарапайым тілде суреттелген шығарма желісі оқырманды қызықтыра түседі.Ауыл табиғаты,ауылдың күйбің тіршілігі,балалардың өмірі көркем суреттелген,көрнекті шығарма.
Менің сүйікті ертегім.
Қазақ ауыз әдебиетінде жақсылыққа баулитын аңыз-әңгіме,ертегілер көп.Солардың ішіндегі маған ең ұнамдысы- "Алтын сақа" ертегісі.Бұл ертегінің желісі бойынша бір бай перзентке зар болып,ақырында зарыға жүріп перзентті болады.Ойда жоқта жалмауыз кемпірдің қолына түсіп,жалғыз перзентін өз бостандығына айыр бастайды.Әкесі әдейілеп жұртта қалдырып кеткен алтын сақасын іздеп келген бала жалмауыз кемпірден қаша жүріп қиындықтарға қаймықпай төтеп береді.Баланың төбеттері жалмауыз кемпірді талап өлтірсе,баланың өзі оның қызын көзінен садақпен атып өлтіреді.Міне,осылайша ертегі аяқталады.Ертегінің бас кейіпкері баладан біздің үйренеріміз көп.Себебі,ол ақылды да,батыр,батыл,қайсарлы да айлакер бола білді.Сондықтан да аталмыш ертегі менің ең сүйікті де жақсы көріп оқитын ертегім.
Қазақ халқының ертегілерінің қай қайсысы болмасы оқуға тұрарлық.Олардың әрқайсысында үлкен тәрбиелік мән жатыр деп білемін.