Эссе.
Қазақстанның ғажайып мұралары.
Жоспар.
Кіріспе.
Адамзат тарихының күретамыры.
Негізгі бөлім.
а) Халық мәдениеті.
ә)Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары.
Қорытынды.
«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.
Бұл – бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары ауыз толтырып айтуға жетерлік. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар Бұл – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен бірге, 2014 жылы бұл тізімге Тянь-Шаньдағы Ұлы Жібек жолының нысандары енді: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары. Бұл әлемде теңдесі жоқ мәдени тарихи мұралар. Оларды көздің қарашығындай қорғап, зерделеуіміз керек, келер ұрпаққа мирас қылып қалдыруымыз керек. Шығыс данышпандары ең терең құдық та кеуіп қалатынын, ең қатты тас та үгітіліп құм мен шаңға айналатынын айтып кеткен. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Тек тарих мәңгілік болуы керек! Керісінше «тарихи естелігі жоқ адамдар ғана ештеңе жоғалт¬пай¬ды», дейді қазіргі классиктер. Бұл тарихи мұралар еліміздің қазынасы екенін есте сақтайық.
Объяснение:
(Это не моё но надеюсь )
Менің мақтанышым - Астанам"
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. а Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?.
«Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін!