Үстеулерді теріп жазып, сұрақ қойыңыз, түрлеріне ажыратыңыз. Майра қазір банкке барады. Гүлнұр экономика саласын жақсы біледі. Әсия үш тілде еркін сөйлейді. Асхат амалсыздан келді. Осы қалаға келгеніме көп болды. Біз несиені біраз кешіктіріп төледік. Сіз босқа келдіңіз. Сайра анасын өте жақсы көреді. Ол ұзақ мерзімді келісімшарт туралы бекер айтты. Біз жоғары көтерілдік. Залға адамдар соншама көп жиналды. Мен банкке несиені алуға әдейі келдім.
Жаз
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- шіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.