Менің ұялы телефоным.
Менің ұялы телефонымның аты OnePlus5. Ата-анам туған күніме сыйлық ретінде әперген болатын. Телефоным өзіме қатты ұнайды. Ең бастысы бағасы соңғы кездері танымал телефондар секілді тым қымбат емес.
Ал бұл телефонның басты ерекшеліктернінің бірі - жылдам қуаттану. Бар болғаны 15-20 минут ішінде телефон батареясын 60-70% дейін қуаттап алуға болады.
Ішінде қазіргі кезде аса қажетті құрылғылардың барлығы бар: камера, күнтізбе, калькулятор, ғаламтор, саусақ арқылы қауіпсіздік сақтау т.б.
Сонымен қатар мен телефоныма өзіме қажетті қосымшаларды орнатып алған болатынмын. Телефоным сыйлық болған соң ұқыпты ұстауға тырысамын.
Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).[1]