Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Қалқаман-Мамыр” – өте күрделі шығарма. Күрделі болатыны, ең алдымен туынды арқауы аңызға айналып кеткен, ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде өткен нақты оқиғаға құрылған. Олай болса, нақты оқиғаның ізінен ауытқы май, халқымыздың салт-дәстүрінің өзіндік бояу-нақышын сақтай отырып, Қалқаман мен Мамыр сынды қос ғашықтың тағдырын бү гін гі күн көрермендерінің көңіліне қонақтата білу үлкен шеберлікті талап ететіні айтпаса да белгілі. Расында да, бір жағынан қазақ ара сындағы сол кездегі түсінік-танымға да баттас ты рып қара бояуды жаға салуға болмайды. Өйт кені, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі қазақ үшін халықтық генофондты таза сақтаудың сенім ді жолы еді. Екінші жағынан, еш бұйрыққа көнбейтін махаббат құдіретіне бас имеу тағы да мүмкін емес. Міне, осындай қиюы қиын тұстан Балнұр қиыстырып жол тауып өткен. Содан да ғой, дала заңынан да аса алмай, көзінің ағы мен қарасындай жалғыз қызы Мамырды (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақ тай) жамандыққа қия алмай, екі оттың орта сын да қалған Көкенайды (Ескендір Әбжа нов) сіз жек көре алмайсыз. Қайта жа ныңыз езіліп, онымен бірге қайғы рып, бірге от болып жанасыз. Өсек-аяң желдей есіп, басы әңкі-тәңкі болған Көкенайдың ашу үстінде жалғызы Мамырды атып қалғаны, одан кейін қайғыдан белі бүгіліп, қызының жан сыз денесін құшақтай құлағаны ақтауға келмейтін іс болса да көңіліңізде аяныш сезімін тудырады.
Объяснение: