7-сынып №1 ЖБ 1-тоқсан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді
білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үш тіл – заман талабы
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
А. Тіл туралы B. Өнер-білім туралы C. Еңбекқорлық туралы D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. C. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме B. сұхбат C. ертегі D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).
1
Ағылшын тілі- әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі
2
Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады.
5. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырып сөйлесіңіз. Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.
1. Өнер алды – қызыл тіл. 2. Тілден қымбат қазына жоқ. 3 Тіл – халықтың мұрасы.
6. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз.
Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.*
• Қазақстанда үш тілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.
• Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.
• Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз
Тақырыбы : Суретші бала.
Бұл кішкентай , дарынды суретші бала. Оның қолынан өте әдемі суреттерді салу келеді. Және ол бұл сурет салумен кішкентай күнінен бастап айналысады. Оның бұл ісі жемісті болыпты , себебі ол қазіргі уақытта суретшілер жарысына қатысады. Бұл суретші бала жан - жануарлардың , аң - құстардың және табиғаттың суретін өте әдемі қылып сала алады.
Бұның қазіргі туындысы "ҚҰСТАР ӘЛЕМІ" деп аталады. Ол суретінің идеясы құстардың қаншалықты сұлу , әрі керек екенін барша адамзатқа жеткізу болды.
Және бір кереметі , бұл суретшінің керемет туындылары мұражайда да бар екен. Және көп а ң суретін сатып алуға құмар көрінеді. Соның арқасында бұл әрі ата - анасын бағып отыр десек те болады. Бұның әрбір туындысы шынайы шығады. Сол себептен де оның туындылары өте қымбат. Менің ойымша бұл суретші бала , әрі қарай өнерін жалғасытыра беретін болса , бұл баладан әлемді таң қалдырған атақты суретші шығады.
Себебі мен бұл баланың өнеріне сенемін.