1-тапсырма.Берілген сұрақтарға жауап бер. 1. Оқ Еламанның қай жеріне тиді?
2. Еламанға кім көмектесті?
3.Еламан мылтығын кімге берді?
4.Әли кімдерді қуды?
ОҚЫЛЫМ
2-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі есімдіктерді тап.
Еламандар араға үш қонып, төртінші күні түсте Ақтөбеге жетті. Ақтар әлі Ақтөбеге кірмепті. Осы тұрғанда оны қорғайтын қызылдарда әскер дейтіндей әскер де қалмаған-ды. Ал қала маңындағы барлы-жоқты әскер құрамалары өткен ұрыстардан қатары азайып, басқаны қойғанда тіпті қолына қару ұстауға жарайтындардың өзі сарт-сұрт солдат өмірінен шаршаған. Осындағы басшылар жау хабарын есіткесін жанталасып жүріп теміржолшылардан құрған жұмысшы жасағын қаруландыра алмай жатқан көрінеді.
Ал бұндағы полк, дивизияларда қару-жарақ жетіспейді. Оқ-дәрі де аз. Бұлардың басындағы қиындықты Еламан жолға шығар алдында Дьяковтың аузынан есіткен-ді. Енді қазір өз көзімен көріп келеді. Қаланы қорғаудан гөрі қаланы қайткенде есебін тауып, тастап қашуға әзірленіп, абыр-сабыр болып жатыр екен.
ЖАЗЫЛЫМ
3-Тапсырма. Берілген есімдіктерді пайдаланып, сөйлем құра.
Осы, оны, өзі, ешкім, олар, мына.
Қуыршақ театры туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, осы демалыс күні қаламыздағы қуыршақ театрына барып, жаңа қойлып тамашалап қайтайық, қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Жақсы, апай. Әрине, өте жақсы болар еді.
Мұғалім: Қанеки, кім біледі екен - қаламыздағы қуыршвқ театры қай жылы ашылған?
Мейрамбек: Апай, мен білемін. Біздің қаламызда 1959 жылы құрылған балалар сарайының қуыршақ театры жұмыс істейді. Әрбір мерекеге орай міндетті түрде сахналанған көрініс әзірлеп, лық толы зал жинайды.
Мұғалім: Жарайсың, Мейрамбек! Қайдан білдің?
Мейрамбек: Ата - анаммен театрға барғанымда фойеде оқып, есімде сақтап алғанмын.
Мұғалім: Ал қуыршақ театрының қандай түрлерін білесіңдер?
Еркебұлан: Қуыршақтың түріне және оны қимылға келтіру тәсіліне қарай олар бірнеше түрге бөлінеді: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Мұғалім: Бәрекелді! Қарсы болмасаңдар таңертеңгі қойылымға барайық?
Оқушылар: Жақсы, апай!