Хабарландыру!
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!
Қаламыздағы тарихи - археологиялық музейде маусым айының 10 мен 24 аралығында "Алтын адам" атты көрменің ашылуы болатынын хабарлаймыз!
Бұл көрмеде сіздер Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің кимінің көшірмесі мен обадан табылған "аң стилінде жасалған "барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін әшекейлерді тамашалай аласыздар.
«Аң стилі» – әлемдік өнер атаулының ішіндегі биік белестердің біріне айналған ерекше құбылыс. Біздің бабаларымыз ежелгі металлургия ісін дамыта отырып, технологиялық жетістіктерге қол жеткізді.
Көрменің салтанатты ашылуы 10 маусым күні сағат 10.00.
Келіңіздер, көріңіздер, тарихи жәдігерлермен таныс болыңыздар!
Айтқанша болмайды, Қорқыттың бойына ажал уы жайылып, өлімге бой ұсына бастайды. Сонда, көз алдында дәрменсіз шырылдаған қарындасымен арыздасып, қоштасып, көптен көкейінде жүрген соңғы тілегін айтады. "Ажал, шіркін, қапыда тұзаққа түсірді. Бір өкінішім – осы. Екінші өкінішім, баяғыда, Сырдың бетін дауыл шалғанда, өзіңе башпайым тиіп кетіп еді. Кешілмейтін күнәм – сол. Қасиетті Сыр-ананың жағасында маған арналған мүрде қазулы тұрған болар. Мені жерлегенде, екі башпайымды ашық қалдырыңдар. Өміріме серік болған, қасиетті қара қобызымды өзіммен бірге көміңдер.
Мен өлсем де, менің атымды атап, ұрпағымның есіне салып жатар. Хош, жарығым! Жылама, жылама, жылағанмен бола ма?!" – дейді Қорқыт. Қарындасы: "Аға, ағатай, асқар тауым, алтыным!" – деп еңіреп қоя береді.
Сол жерде Қорқыт соңғы күшін жиып, қобызын қолына алып, қарындасын жұбатқандай болып, бірер қайырым күй шалған екен.
Қорқыттың осынау соңғы күйі "Башпай" деген атпен ұрпақтарының есінде қалыпты. Ал, қара қобызы болса, Қорқыт өлгеннен кейін, мүрденің ішінен "Қорқыт, Қорқыт!" деп, күңіренген дыбыс шығарып жататын болыпты.