М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Jullia123123
Jullia123123
24.04.2021 14:28 •  Қазақ тiлi

с казахским 1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, төменде берілген кесте негізінде салыстырыңыз.
1-мәтін
Абай қазақ поэзиясының өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосты дегенді үнемі айтып жүрміз. Ұлы ақынның осы салада тындырған еңбегінің көлемі, мән-мағынасы шексіз зор екенін жоғарыда келтірілген әр түрлі мысалдардан-ақ көруге болады. Бұл тұста атап айтатын, есте сақтайтын нәрсе – Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда қандай асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем-өрнектерді керек жерінде қырнап, өңдеп, түрлендіріп, мейлінше мол пайдалану жағынан да соншалық зор өнегелі іс атқарды. Ол туралы біз осы еңбектің әр жерінде айтып келдік. Бұл жерде біз қазақ поэзиясына Абай тыңнан қосқан өрнектердің басты-бастыларына тоқталып өтпекпіз.
Сырмақ қып астына
Байының тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып
Қоқсытып келтірді.
Осындағы алты буынды тармақтар түгелдей үш буынды қос бунақтан құралса, қысқа тармақтар үш буынды болып келген. Бұдан біз осы өлең түрінің қазақ өлеңі құрылысының өзгешелік қалпын берік сақтап, поэзияда орныққан өрнектер негізінде өріліп шыққанын көреміз. (Зәки Ахметов)
2-мәтін
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. [8]

Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Мәтін түрі
Мәтін жанры
Мәтін стилі

2-тапсырма. «Менің қалта шығыным» тақырыбында өз сыныптасыңызбен жүргізілген сұқбат жазыңыз. Сұқбат жазу ерекшеліктерін, сыпайылықты сақтаңыз [7].

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ApokalipsisZnanij
ApokalipsisZnanij
24.04.2021

ответ:менің туып өскен жерім - егеменді қазақстан. қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. сол жерде біздің ата-, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «отаның-алтын бесігің», «отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата- елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. өйткені отан біз үшін оттан да ыстық.

Объяснение:

Удачкии

4,6(83 оценок)
Ответ:
vlad2217890
vlad2217890
24.04.2021

Астана туралы ата мен немере арасындағы диалог.

- Ата, сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсің бе, құлыным!

- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?

- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?

- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?

- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

- Көп рахмет сізге, ата!

- Оқасы жоқ, құлыншағым!

4,7(30 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ