М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Blackwolf11111
Blackwolf11111
09.04.2023 18:16 •  Қазақ тiлi

Сочинение о караганде на каз. яз (на сейчас и побольше)

👇
Ответ:
plyushka1
plyushka1
09.04.2023

Менің туған қалам Қарағанды қаласы. Қарағанды қаласы Қарағанды облысының әкімшілік орталығы. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Алып жатқан жерінің аумағы (577км²) жағынан республикадағы ең үлкен, халқының саны бойынша (423,7 мың адам 2003) төртінші (Алматы, Астана, Шымкенттен кейін) қаласы.1932 жылы оның халқы 70 мың болса, 1989 жылы 507,3 мың адамға жетті. Петропавл-Шу темір жол станциясы, әуе, автомобиль қатынасының маңызды торабы. Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Сарыарқының ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналас-қан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, боранды, жазы ыстық, құрғақ, аңызық желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала шегінде күңгірт-қоңыр топырақ тараған. Қараған, тобылғы, әр түрлі шөп, сұлыбас, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н.Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір мыс қорыту зауытына тасылып тұрған. 1856-87 ж. Мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді. 1899 жылы Рязановтың мұрагері кен орнын француз концессионері Карноға сатты. 1907 жылы кен орны ағылшын концессионерлерінің қолына көшті. 1899-1920 жылдар аралығында 815 мың тонна көмір өндірілді. Қазан төңкерісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 ж. жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыс-көмір» тресі құрылды.Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағанды ірі көмір өндіру орталығы пайда болды.Оны Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті.Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті.Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салында.2-дүние-жүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, темір жол көлігін көмірмен үздіксіз қамтамасыз етті.Кеңес өкіметі жылдары Қарағандыда өнеркәсіп саласыкеңінен дамыды.

4,6(93 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
IlyaPikarychev
IlyaPikarychev
09.04.2023

Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі.[1]

Солдан оңға қарай: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы

.

Alashorda-musheleri.jpg

Алаш Орда құрылтайы Өңдеу

1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.

Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.

4,5(55 оценок)
Ответ:
leyla623
leyla623
09.04.2023

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.

Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені а табиғаттың тіршілігінде өсіп - өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.

Табиғат - сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"- демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай, шырша, терек т. б. ағаш түрлерін ексе екен, - деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.

Объяснение:

Бұл эссе

4,6(86 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ