Дәрігер.
Дәрігер — маман дәрігер, педиатр, гигиенист, эпидемиолог, стоматологтың жоғары біліктілігі; адам ағзасының қалыпты жұмысын сақтап, аурудың алдын-алу және емдеуде өзінің дағдылары, білімі мен тәжірибесін қолданатын адам. Онда жоғары білімнің міндетті түрде болуы және мамандандырылған жағдайда қосымша кәсіби дайындық қарастырылған. Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті билік органдарының дәрігердің қызметіне рұқсаты немесе тиісті біліктілігі талап етіледі.
Аспазшы
Аспаз — ас әзірлеумен айналысатын мамандық иесі.Сорпа, екінші тағам, өзге де тағамдарды пісіреді. Азық-түліктерді қалай сақтау керек екенін біледі, әртүрлі тамақ түрлерін рецепт бойынша дайындайды, сондай-ақ дайын тағамды көркемдей алады. Азық-түлік өнімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сақтауды басқарады. Ғимарат ішінде, жоғары температура жағдайында жұмыс жасайды.
ответ:– Ханкелді аға, биыл ұлы ғалым Қаныш Имантайұлының туғанына 120 жыл толып отыр. Сіз тұлғатанумен айналысып жүрген ғалым ретінде Сәтбаев феноменін қалай түсіндіре аласыз?
– Артына өшпес із қалдырған дара тұлғалар ұлттың мақтанышы ғана емес, тағдыры мен тағылымы үздіксіз зерттеуді талап ететін күрделі тарихи құбылыс. Олардың шығармашылық мұрасы, терең ой-тұжырымдары, атқарған істері заманамен астаса қабысып, бүгінгі күннің, тіпті болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарында Қаныш Имантайұлы да бар. Сәтбаев құбылысы сан алуан. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейін:
Бірінші. Қ. Сәтбаевтың идеясымен, жаңалығымен, бастамасымен «Үлкен Жезқазған» бой көтерді. «Ертіс-Қарағанды» каналының қазылуына, Маңғыстау газ кен орнының ашылуына, тіпті сол аймақтың Түрікменстанға өтіп кетпеуіне де Қ.Сәтбаевтың тікелей қатысы бар. Оған дейін бірде-бір қазақ мұндай нәтижеге қол жеткізген емес. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев айтқандай, «Қаныш Имантайұлының Қазақстан аумағындағы табиғи қазынаны зерттеуге қосқан зор үлесін біз тек қазір ғана түсініп, тиесілі бағалап отырмыз».
Екінші. Қ.Сәтбаевтың бас болуымен Қазақстан Ғылым академиясы шаңырақ көтерді. Бұл да қазақ даласында бұрын-соңды болмаған табыс.
Үшінші. Шоқан ғылым көгінен ағып түскен жұлдыз болса, Қ.Сәтбаев – әлемдік ғылым көгіндегі мәңгілік жұлдыз. Нақтырақ айтсақ, 50-ші жылдар аяғындағы Лениндік сыйлықтың парқы мен нарқы Нобель сыйлығынан еш кем емес еді. Қаныш – Лениндік сыйлықпен марапатталған тұңғыш қазақ.
Объяснение: