2-тапсырма. Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Өлеңдегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді дәлелде.
Бірінші сөйлем. «Менің ойымша ...».
Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны деп түсіндіремін».
Үшінші сөйлем. «Оны мен
деген деректермен, мысалдармен
дәлелдей аламын».
Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай ... ой түйдім». 41 бет
Менің туған күнім
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.