- Әли сен білесіңбе? Менің ағам Түркияға ұшпақшы.
- Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
- Ол не? Мен түсінбедім.
- Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда, жасалатын бас қосу. Онда ел жиналып,ойын-сауық, жыр айтылады.
- Егер аға сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. Сен менің досымсың ғой.
- Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл-жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
Күрделі қос сөздер: ойын-сауық, ірілі-ұсақты.
Біріккен күрделі сөз: тоқым-қағар.
Адамды сырт келбетіне қарап сұлу немесе ұсқынсыз деп айту меніңше үлкен қате. Сырт келбет алдамшы болып келеді. Мысалы ол сырттай әдемі, ал іштей мейірімсіз, ақымақ, ашкөз, мінезі шатақ, өзімшіл адам болуы мүмкін. Яғни адамның тек ішкі жан дүниесіне қарап бағалау қажет. Оның ішкі жан дүниесіне үңілу үшін ол адаммен сөйлесу керек . Дәл көлік секілді ғой, сыртын әдемілеп бояп қойғанымен, іші дұрыс жасалмаса өртеніп, апатқа ұшырайды. Сондықтан жан дүниесі әлде қайда маңыздырақ. Сол үшінде мен өзім адамның ішкі жан дүниесіне қарап бағалаймын.
Әлем мәдениеті - "ғаламдық ауыл" ретіндегі әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдар арасындағы қарым-қатынас пен биліктің жаңа жүйесі. Жаһандану және жоғары технологиялар ғасырында қоғам ұдайы мәдени, экономикалық немесе саяси өзгеріс үстінде. Адамдарға қауіпсіздікте гүлденіп, дамитын бейбіт элем қажет. Қауіпсіздікке, түрақтылық- қа және тиімді дамуға жетудің негізгі жолы - қазіргі барлық мәдени үстаным- дардың түбегейлі өзгеруі. "Әлемдік мәдениет жүйесін" құру объективті әрі тепе-теңдікті ұстанатын, этикалық нормаларға сүйенетін бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) құру. Бұл әлемдік мәдениеттің жаңа жүйесі әрі жек көрушілік, сенімсіздік, қақтығыс пен соғыс тудыратын қарабайыр мәдениетті "ғаламдық ауылымыздан" ығыстырып шығаруды көздейді. Оның негізгі мақсаты: 1) күш көрсетудің, қақтығыстың, лаңкестік пен соғыстың мәдени және этникалық түп-тамырын анықтау; мемлекеттер мен адамдар арасындағы түсіністікті, үйлесімділікті қамтамасыз ететін алтын көпір орнату; ғаламдық және үлттық деңгейде әлемдік мәдениетті қалыптастырып, дамыту; 4) плюралистік ғаламдық мәдени- еттің көмегімен ғаламдық азаматтық және "ғалам азаматы" ұғымы мен институттарын қалыптастырып, насихаттау; 5) күш қолдану фактілеріне негізделген жаңалықтардың орнына "элем жаңалық- тарын" және "әлем мәдениетінің жаңалықтарын" көрсетіп, насихаттау. Әлемдік мәдениет жүйесі қазіргі үстемдік етіп отырған қарабайыр мәдениеттің орнын алмастырып, ғаламдық тұрақты дамуды қамтамасыз етіп, соғысқа, лаңкестікке қарсы түруға септігін тигізер еді. Әлемдегі тыныштық үшін құрылған жаңа плюралистік мәдениет пен байланыс жүйесі жаңа әлемдік философия мен психологияны қалыптастыруы мүмкін.[1]