Өңдеу
Көп құрамды салалас сөйлем — көпқұрамды құрмаластың бір түрі. Оның ерекшелігі: құрамындағы компоненттердің саны үш және одан да көп мелшерде болып келіп, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғаларға аяқталып тұрады (Кілем, керпе тесеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектінің бәрі бар, артық еш нәрсе жоқ. Ғ. Мүсірепов). Көп құрамды салалас сөйлем компоненттерінің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктеріне қарай ашық құрылымды және тұйық құрылымды болып бөлінеді. Ашық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компоненттері өзара бірыңғай мағыналық қатынаста және құрылымы жағынан да біртектес болып келеді, сондықтан компоненттерінің саны шексіз соза беруге болады (Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, балуан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады. Мақал). Тұйық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компонеттері әр түрлі мағыналық қатынаста және түрліше құрылымда тұратындықтан, тұйықталып келеді, ондағы хабар-мәлімет көлемі шектеулі болады (Әлі де қала ішінде қоштасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес. Ғ. Мүсірепов).[1]
Объяснение:
ответ:Көп құрамды құрмалас сөйлем — компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). Көп құрамды құрмалас сөйлемтар көп құрамды салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Көп құрамды салапастың баяндауыштары өңкей тиянақты тұлғада тұрады (Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді. X. Есенжанов). Көп бағыныңқылы сабақтастың тиянақсыз тұлғалы бірнеше бағының қылары тиянақты тұлғалы бір басыңқыға қатысты болып келеді (Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр. М. Әуезов). Аралас құрмаласта тиянақты, тиянақсыз тұлғалы компоненттер араласып қатар жұмсалады (Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты.
7. Родос алыбы
Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құ-дайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпеске сатып жібереді.
6. Зевс мүсіні
Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиет-ті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орын-тағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері