Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
–Сәлем!
–Сәлем!
- Сен әлемдегі ең әдемі,ыстық жердің қайда екенін білесің бе?
- Иә.Әлемдегі ең әдемі,ыстық жер- туған жер.Себебі,туған жерден артық ыстық та,әдемі жер жоқ.
- Иә.Мен сенімен толық келісемін.Мен ешқашан да өз туған жерімнен ажырамас едім.
- Әрине.Егер маған “саяхатқа ең әдемі жерді таңда„ десе,мен туған жерімді таңдар едім.
- Мен сенен біраз нәрсе үйрендім.Рахмет!
- Оқасы жоқ!