М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Vitalikebati
Vitalikebati
16.11.2022 05:31 •  Қазақ тiлi

Сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрастыр. Германия елшілігі Астанада заманауи табиғи қуат көзін пайдалану жолдарына арналған көрме өткізді. Азаттық тілшісі көрмені қазақстандық эколог ғалыммен бірге тамашалап, сұхбат алды.
Астанада қыркүйектің 10-ы күні Германия елшілігі «Табиғи қуат көздері. Германияда жасалған» атты көрме өткізді. EXPO-2017 көрмесінің алдында ұйымдастырылған шараға ғалымдар, дипломаттар мен Астана тұрғындары келді. Германияның Қазақстандағы елшісі Гидо Херц Азаттық тілшісіне қазіргі кезде Германияда жел мен күн көзінен алынған энергияның үлес салмағы 11-12 пайызға жеткенін айтты. Ол бұл энергияның көп бөлігі желден алынатынына назар аудартты. Елшінің ойынша, тек қана табиғи қуат көздеріне арқа сүйеуге болмайды. Өйткені жел мен күннен алынатын қуатта тұрақтылық жоқ. Сондықтан қосымша тұрақты қуат көздері керек.
Азаттық тілшісі: - Еуропаға ғылыми жобалар бойынша жиі барып жүрген ғалымсыз. Еуразиялық Одақ елдерінде табиғи қуат көздерін игеру жағы қалай дамыған?
Мұрат Нұрышев: - Германияның Ганновер, Дюссельдорф сияқты қалаларында болғанымда әрбір төбеге секундына 5 метр желді қуат көзіне айналдыратын қондырғылар қойғанын көрдім. Осының өзі жоғарғы электр қуатын беруге қауқарлы. Оның үстіне, Германияда жақсы жолға қойылған қоқыс өңдеу ісі бар. Мәселен, ескі радио, телевизор, электро жарықтандырғыш қондырғылардан алтын алып отыр. Ал кәдімгі тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы газ алады.
Азаттық тілшісі: - Ал Қазақстандағы жағдай қалай?
Мұрат Нұрышев: - Қазақстанда 30 миллиард тонна түрлі қалдықтар жиналған. Бұл деген еліміз қалдықтар еліне айналып бара жатыр деген сөз ғой. Біз бұдан арылуымыз керек. Жиналған қоқысты өңдеуге көшуіміз керек.
Азаттық тілшісі: - Жасыл елге айналу үшін әуелі көмір жағудан құтылуымыз керек болар?
Мұрат Нұрышев: - 18-ғасырдың аяғында Лондон қаласының мэрі көмір жағуға тыйым салған. Содан бері ол жақта көмір қолданылмайды. Ал біз әлі күнге дейін қара көмір жағып, өз жерімізді ластап жатырмыз. Біздің Сағат Мұхамеди мен Ғаббас Құсайынов сияқты қазақстандық ғалымдар көмірді тазартып қолдану технологиясы бойынша жобалар жасап шыққан. Осы технологияны пайдалансақ, тазалығы аса жоғары көмір аламыз. Бұл көмір қолданыстағы отыннан әлдеқайда зиянсыз. Біз осы жобаны «EXPO-2017» көрмесіне шығарсақ дейміз. Алайда жоба әлі күнге дейін қаржыландырылмай отыр. Айта кетер жайт, осы кезге дейін біз энергияның 75-80 пайызын көмір арқылы алып отырмыз. Ал іргемізде тұрған Ресейде 80-82 пайыз газға көшкен. Бізде газ қуаты әлі 11-12 пайыз. Неге олай? Ол тағы бір өзекті мәселе. Егер біз тезірек газдандыруға көшпесек, шөлейттену жоғарылай береді. Неге десеңіз, ормандар құрып жатыр. Кезінде Ақтаудан бері қарайғы өзендердің бойында орман болатын. Қазір оның бәрі жоқтың қасы. Міне, сондықтан да көмір жағудан газдандыру ісіне көшу үшін жылдам қимылдауымыз керек.
Азаттық тілшісі: - Сұхбатыңызға рақмет.

Германия елшілігі
Астанада
көрме
«Табиғи қуат көздері.
Германияда жасалған»
атты
күні
қыркүйектің 10-ы
өткізді.​


Сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрастыр. Германия елшілігі Астанада заманауи табиғи қуат к

👇
Ответ:

Астанада

қыркүйектің 10-ы

күні

Германия елшілігі

«Табиғи қуат көздері.

Германияда жасалған»

атты

көрме

өткізді.

Объяснение: я ПРОВЕРИЛ

4,4(65 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
marishakfine
marishakfine
16.11.2022

ответ:театр

Театрға бару менің ойымша өте қызық! Сіздерге айтайынба? өте қызық!Сондада мен отбасымен Астанаға бардым сол дерде не деген әдемі! Астанада ең бірінші не істедік деп ойлап тұрсындар, сендерге айтайын! Біз әр адам сияқты дүкендерге бармаймыз! Біз үйде қалмай театырға бардық.АЛ СІЗ Театрда болдыныз ба? Міне біз кірдік билетті сатып алдық! Шынында мен қорықтым сол жерде не болатынына,өйткені мен ешқашан театрда болған жоқпын!Сөйтіп билетті сататын жерде мен көп бірдей қағаз көрдім соны қарасам сол жерде бүгінгі күннің пьесаларымен т.Б болды мен таңғалдым. Бақытыма қарасаныз ғой! Ең маңызы 10 минуттан кейін театрға кіріп театр қарайміз. Біз кірдік мен өтте бақытты болдым недеген күшті болды Мен сол күнді ұмыта алмаймын ол ең ғажап күн болды міне мен өз үйіндемін кеше ғана Астанадан келдім

Объяснение:

4,6(25 оценок)
Ответ:
hdn12
hdn12
16.11.2022

Жапырақ — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әртүрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3-10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1-5 м, ені 40-50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10-20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әртүрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әртүрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның жасушаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.[1]

Объяснение:

4,6(61 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ