М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sasha07022005
sasha07022005
02.09.2021 02:03 •  Қазақ тiлi

1) Әр абзацқа ат қойыңыз. 2) Мәтінге қатысты 5 сұрақ құрастырыңыз
«Сөз атасы – сәлем!». Біреуге қоңырау шалғанда алдымен амандасыңыз, бейтаныс
болса, өзіңізді таныстырыңыз. Содан кейін ғана хабарласқан шаруаңызды айтуға болады.
Өзіңіз біреуге қоңырау шалып тұрып, «Бұл кім?» деп сұрамаңыз.
Хабарласатыныңызды алдын ала айтып, келісіп қойған болмасаңыз, сағат түнгі оннан
кейін ешкімді мазалауға болмайды. Әсіресе, бейтанысқа, үлкен адамдарға, оқытушыларға
қоңырау соғатын болсаңыз, бұл ісіңізді тым әдепсіздікке балап, сізге деген теріс көзқарас
қалыптастыруы мүмкін.
Сөйлесу кезінде байланыс үзіліп кетсе, бірінші хабарласқан адам қайта қоңырау
шалады.
Айналаңызда адамдар бар болса, олар сіздің телефонмен сөйлесуіңізге қарсы еместігін
анықтап алған жөн.
Телефонмен сөйлесу кезінде тамақ жеу, сағыз шайнау, қағаз шықырлату да әдепсіздік
белгісі.
Аса қажеттілік тумаса, әңгімелесушіңіздің сөзін бөлмеуді үйреніңіз.
Кім қоңырау шалған болса, әңгімені сол аяқтайды. Одан бұрын «сау бол» айтып,
байланысты үзіп тастамаңыз.
Сізге қоңырау шалған кісі нөмірден қателесіп кеткен болса, оған сабырлы да байыпты
түрде түсіндіріңіз. Қайтадан хабарласа беретін болса, техникалық ақауларға байланысты
болуы мүмкін. Ашу шақырып, бейтаныс кісіге дауыс көтермеңіз. Әдейі істемейді ғой.
Ыңғайсыздық туындамас үшін хабарласып тұрған адамыңыздың сізбен сөйлесуге уақыты
мен мүмкіндігі бар ма, жоқ па – осыны сұрап алған абзал.
«Өзім сізге қайта хабарласамын» деп айтқан екенсіз, міндетті түрде орындаңыз.
Сөзінде тұру тек қана ерлерге міндетті қасиет емес.
5-6 қоңырау барғаннан кейін, қарсы жақ телефонға жауап бермесе, тұтқаны орнына
қойыңыз.
Айналаңыздағы адамдарға кедергі келтіретіндей қатты дауыспен сөйлеспеңіз. Бұл
қағида, әсіресе, қоғамдық көлікпен жүретіндерге қатаң ескертіледі.

👇
Ответ:
archibasovav
archibasovav
02.09.2021

1-абзац: Амандасу

2-абзац: Әдептілік

3-абзац: Анықтап алу

4-абзац: Тыңдау

5-абзац: Ашуланбау

6-абзац: Қайта хабарласу

7-абзац: Қатты дауыспен сөйлемеу

4,4(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
aigerimnur
aigerimnur
02.09.2021

"Егер мен аралда қалсам не істеймін"

Кез-келген адам өмірінде кем дегенде бір рет шөлді аралда болуды армандайды. Егер бұл тойтарыссыз тілек болса, менде үлкен қуаныш пен рахат болған шығар, мен үшін бұл арал менің қазынам болар еді. Бірақ егер бұл арал дауыл мен кемелердің апатқа ұшырауының салдарынан болған болса, онда мұндай жағдайда арал мен үшін қорқынышты және ұлылыққа айналар еді, мен онымен ортақ тіл табуым керек еді. Мұндай жағдайда сіз өзіңізді өте оңай түсінесіз, өйткені менен басқа ешкім болмайды, тіпті сөйлесетін, кеңес сұрайтын ешкім де жоқ. Әрине, бұл өте қызықты саяхат, ол көптеген шытырман оқиғаларға толы, бұл өздерін нағыз қарабайыр адам ретінде сезінудің мүмкіндігі. Әрине, мұндай аралда еш қиындықсыз, әсіресе қаланың қарбаласынан шыққан адам үшін. Өзіңізді арал мен тамақсыз, сусыз және қажетті құрал-жабдықсыз табу - өте күрделі мәселе. Бірақ егер сіз сабырлы түрде әрекет етіп, үрейленбейтін болсаңыз, онда мұндай приключение өте қызықты және көңілді болады. Тамақ іздеу, өйткені бұл тұтас өнер, сіз құсты, аңды немесе балықты аулай білуіңіз керек, ал қармақ пен қақпансыз мұндай тапсырма жүз есе күрделене түседі. Бірақ мен бірінші болып таза су табу болар едім, бұл аралдағы адам үшін ең маңызды нәрсе. Табиғи баспана, үңгір немесе құлаған ағашты іздеуге тырысу керек еді, оны жақсартуға және оны жел мен жаңбырдан қорғауға болады. Мұндай сапар маған өзімді, не істей алатынымды, мұндай жағдайда өзім не істей алатынымды жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Бұл маған өзіңізбен жалғыз қалудың қандай екенін түсінуге мүмкіндік берді, өйткені қалада оны сезу мүмкін емес.

Объяснение:

4,5(79 оценок)
Ответ:
Жеткізген халыққа жаңалық,Тілші деген өте ғажап мамандық.         Мамандық. Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл  қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Бүгінгі таңда мамандық таңдау оңай шаруа емес. Санаулы уақыттардан соң аяулы алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырған оқушыларды сан алуан мамандықтар әлемі қол бұлғап, әр қиырына шақырғандай болады. Арман жетегінде, болашаққа бастайтын мамандықтар әлеміне еніп бара жатқандаймыз. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын түлектердің алдында мыңдаған мамандықтың лайықтысын таңдау міндеті тұрады. Халқымыздың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов  “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”, - деген екен.    Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін біздің елімізде де әр түрлі өндіріс салаларына байланысты жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты,оларды басқаратын мамандар қосылды. Жаңа мамандықтар өзіне лайық білікті жаңа мамандарды талап етеді. Ескі мамандарды жаңа мамандар ығыстырып,өмір ағысына өзгеріс енгізетін жаңа тұлғаларды шығарады. Осылайша бұрынғыларға ұқсамайтын талабы мол,талғамы зор жаңа адамдарды қалыптастырады. Мамандық санымен емес, сапасымен өлшенеді. Жаман мамандық болмайды, тек жаман жұмыскер ғана болады.Жаман жұмыскерлер қатарын көбейтпес үшін көп еңбектенуіміз қажет. Бүгінгі таңда адамның қабілеті мен талғамына сәйкес мамандық таңдап алуға жол ашық.
4,8(39 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ