Объяснение:Қоспа[1] – бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе. Мұндай қоспа физикалық, механикалық және химиялық (құраушы заттары әрекеттессе) деп аталады. Кез келген қоспаны физикалық әдістермен (тығыздықтарының, қату және қайнау температураларының, ерігіштігінің, магниттілігінің, тағы басқа физикалық қасиеттерінің айырмашылықтары арқылы) бөліп алуға болады. Мысалы, ағаш және темір ұнтақтарының қо су мен магниттің көмегі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ қоспа бір текті және әр текті болып бөлінеді. Бір текті қоспада кемі екі құрам бөлік (қанттың судағы ерітіндісі, т.б.), ал әр текті қоспада бір, екі не одан да көп құрам бөліктері болады.
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Конспект
Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.