1. Сен қандай мектепте оқисын?
- Мен №25 мектепте оқимын.
2. Саған ұнайма мектебін?
- Иә, маған өте ұнайдын.
3. Сен қай сыныпта оқисын?
- Мен 8 сыныпта оқимын.
4. Сенін мектебінде не бар?
- Біздің мектепте асхана, кітапхана, үлкен спорт кешені, тағыда басқа жерлер бар.
5. Сенің мектебің қайда орналасқан?
- Менім мектебім орналасқан.
1. В какой школе ты учишься?
- Я учусь в школе №25.
2. Тебе нравиться твоя школа?
- Да, мне очень нравиться.
3. В каком классе ты учишься?
- Я учксь в 8-ом классе.
4. Что находиться в твоей школе?
- В моей школе есть столовая, библеотека, большой спрот зал и есть многие другие места есть.
5. Где находиться твоя школа?
- Моя школа находиться.( адрес или место напиши)
«Қар — қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын».
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқы қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.
Аяздың түрлері
Ақ аяз – жылы ауамен, бумен араласқан, аппақ, будақ-будақ аяз. Көк аяз – құрғақ аяз. Қақаған аяз – бет қаратпайтын қатты аяз. Құрғақ аяз – ылғалсыз, шытынаған, суық аяз. Қызыл шұнақ аяз // шұнақ сары аяз – қатты құрғақ, бет қаритын, шыңылтыр аяз. Қытымыр аяз – қатты, шымшыма аяз. Сақылдаған сары аяз // сақырлаған аяз – қаңтардың аяғы, ақпанның басында болатын сары аяздың күшіне мінген, күшейген кезі, шағы. Сары аяз – а) ұзаққа созылған қатты аяз; ә) ұзақ жылдарға созылған қиыншылық, ауыртпашылық. Түкірік жерге түспейтін аяз – ауа-райының суықтығы соншалық, адамның түкірген түкірігі жерге мұз боп түсетін, өте қатты аяз. Тымырсық аяз – желсіз күнгі шақпа аяз. Үскірік аяз – боранды, желді аяз. Шымшыма аяз – бетті қарып өтетін, шытқыл, шақпа аяз. Шыңылтыр аяз // шаңылтақ аяз // шақпа аяз – құрғақ, қатты аяз. Шытқыл аяз // шытынаған аяз – сақырлаған қатты аяз. Шытымыр аяз – қалың қар түскеннен кейінгі құрғақ, шыңылтыр аяз.
ответ:Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға. Тұра алмастай үзілді ме жұлыным» деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.
Объяснение осы ау деймін