М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
хорошист428
хорошист428
08.08.2022 08:16 •  Қазақ тiлi

1. дұрыс жазылған үстеуді табыңыз. а) жолжөнекей. в) ала-жаздай с) тасыр-тұсыр д) ендігәрі е) быйыл 2. үстеу дегеніміз не? а) іс-әрекет, қимылды білдіреді. в) қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді. с) заттың сапасын, көлемін білдіреді. д) қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді. е) сөз бен сөзді байланыстырады. 3. күрделі үстеуді көрсетіңіз. а) бүгін келдім. в) кеше . с) әрең көтердім. д) сайрады. е) шикілей әкелді. 4. туынды үстеуді көрсетіңіз. а) әдейі бардым. в) ертең келеді. с) әрең жүрді. д) қ жүр. е) талай жүрген жерім. 5. мезгіл үстеуді көрсетіңіз. а) бүрсігүні аттанды. в) ілгері жүрді. с) қаннен-қаперсіз ұйықтады. д) қыруар жұмыс істедік. е) өте үлкен екен. 6. мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз. а) қашаннан? в) қаншама? с) қайдан? д) кімше? е) қандай? 7. мекен үстеуді көрсетіңіз. а) алға қ басты. в) әрең-әрең бара жатты. с) қасақана істеген. д) амалсыздан үйіне жүрді. е) қолма-қол тапсырды. 8. мақсат үстеуді табыңыз. а) әлгінде, емін-еркін в) орасан, әжептәуір с) жорта, әдейі д) тысқары, мұнда е) амалсыздан, бекерге 9. үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр « үйге қайтатын күнім ертең.» а) пысықтауыш в) баяндауыш с) бастауыш д) анықтауыш е) толықтауыш 10. «тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады? а) мекен үстеуі в) мезгіл үстеуі с) күшейткіш үстеуі д) мақсат үстеуі е) себеп-салдар үстеуі

👇
Ответ:
anastasia200012
anastasia200012
08.08.2022

1b 2d 3c 4 5a 6b 7d  8c 9d 10c Если неправильно то не обижайся в 7 классе учусь*_*

4,5(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Mashatry
Mashatry
08.08.2022

1.Сақ патшайымды тап:

а)Клеопатра

ә)Тұмар

б)Геродот

2Көшпелілер немен айналысқан?

а) мал шаруашылығымен

ә) соғыспен

б)шайқаспен

3.Сақ қоғамы неше топқа бөлінді?

а)5

ә)2

б)3

4.Томирис неше жастан асау атқа мінді?

а)7

ә)5

б)6

5.Тұмар патшайым қай ғасырларда өмір сүрген?

а)550-570жж

ә)580-590жж

б)520-570жж

6.Тұмар патшайым кімнің басың кесіп алды?

а)Кир

ә)Дарий

б)Гобри

7Алғашқы Алтын адам қайда табылған?

а) Оралда

ә)Есік қорғанында

б) Атырауда

8.Алтын адам қандай мұражайында сақталған?

а) Астана мұражайында

ә)Орал мұражайында

б) Шолохов мұражайында

9 "Зергерлік бұйымдар" сөз тіркесінің аудармасын тап.

а) золотые украшения

ә)ювелирные украшения

б)старинные украшения

10"Семсер" сөзінің аудармасын тап.

а)нож

ә)стрела

б)меч

4,4(57 оценок)
Ответ:
ANNAAFANASYEVA1
ANNAAFANASYEVA1
08.08.2022

«Қар — қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын».

Ақша қар — жаңа жауған таза қар.

Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.

Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.

Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.

Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

Жылбысқы қар — ери жауған қар.

Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.

Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.

Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.

Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.

Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.

Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.

Қырбық қар — жұқа жауған қар.

Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.

Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.

Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.

Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.

Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.

Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.

Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.

Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.

Аяздың түрлері

Ақ аяз – жылы ауамен, бумен араласқан, аппақ, будақ-будақ аяз. Көк аяз – құрғақ аяз. Қақаған аяз – бет қаратпайтын қатты аяз. Құрғақ аяз – ылғалсыз, шыты­наған, суық аяз. Қызыл шұнақ аяз // шұнақ сары аяз – қатты құрғақ, бет қаритын, шыңыл­тыр аяз. Қытымыр аяз – қатты, шымшыма аяз. Сақылдаған сары аяз // сақырла­ған аяз – қаңтардың аяғы, ақпанның басында болатын сары аяздың күшіне мінген, күшейген кезі, шағы. Сары аяз – а) ұзаққа созылған қатты аяз; ә) ұзақ жылдарға созылған қиыншылық, ауыртпашылық. Түкірік жерге түспейтін аяз – ауа-райының суықтығы соншалық, адамның түкірген түкірігі жерге мұз боп түсетін, өте қатты аяз. Тымырсық аяз – желсіз күнгі шақпа аяз. Үскірік аяз – боранды, желді аяз. Шымшыма аяз – бетті қарып өтетін, шытқыл, шақпа аяз. Шыңылтыр аяз // шаңылтақ аяз // шақпа аяз – құрғақ, қатты аяз. Шытқыл аяз // шытынаған аяз – сақырлаған қатты аяз. Шытымыр аяз – қалың қар түс­кен­нен кейінгі құрғақ, шыңылтыр аяз.

4,4(65 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ