М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
srigermisha1
srigermisha1
23.03.2020 12:17 •  Қазақ тiлi

Кіріспе бөліміне сай мақалды тап. 1. Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері, яғни сәулет және мүсін өнерінің кереметтері – әлем халықтарының ортақ мұрасы. Ерекше құрылыс нысандарын топтастырып, олардың үздіктерін бөлектеу көне Грекиядан бастау алып, әлемнің жеті кереметі, тіпті, бертін келе жаңа кереметтер тізімі анықталды.
2. Кейінгі дәуірлерде заманауи сәулетшілер мен инженерлер де әлемге таңғаларлықтай кереметтер сыйлауда. Заман ағымына қарай олар ойлау қабілетін ғана өзгертіп қойған жоқ, сондай-ақ болашақта әлемге әйгілі болатын құрылыстардың материалдарына да түбегейлі өзгерістер енгізді. Париждегі ерекше сұлулық пен шығармашылықтың шыңы саналатын Лувр пирамидасы әйнек пен металл тіректен соғылған. Ағылшын каналының астында орналасқан ұзындығы 50 шақырымды құрайтын Еуротуннель теміржол үңгіртауы, 102 қабаттан тұратын Нью-Йорктың көкпен тірескен ғимараттары, «Алтын қақпа» көпірі, Итайпу гидроэлектр стансасы сияқты кереметтердің бәрі – заманауи инженерлер мен сәулетшілер салған, таңдай қақтырар ғажайып құрылыстар. Яғни, сәулет өнеріндегі әлем кереметтерін ғылым мен техниканың жетістіктері деп толыққанды айта аламыз.
3. Десек те, әлемде жаратылысы бөлек, ғажайып орындардың бар екенін жоққа шығара алмайсың. Иә, шынында, табиғаттың өзі де сұлу да әсем, шебер туындыларға бай. Оларды адам қолымен немесе техниканың көмегімен жасалған деп айта алмаймыз. Мәселен, Перудегі Мачу-Пикчу «әлемдегі ең әсерлі қирандылар» деп саналады. Олар Урубамба өзенінің шатқалы қоршаған тау шыңындағы тік еңісті қыратта орналасқан.
4. Алысқа бармай-ақ, Қазақстанның Шарын шатқалдарын айтсақ та болады. Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Шарын шатқалының «Австралия Ұлттық саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.
5. Мұндай керемет әрі мінсіз сәулет құрылысын адамзат қолымен тіпті жасай алмайтындай көрінеді. Осындай құрылысы ерекше орындарды тарих сахнасынан жоғалтып алмай, болашаққа бұйырту – қазіргі адамзат алдында тұрған үлкен міндет.​

👇
Ответ:
artyomburyanov
artyomburyanov
23.03.2020

1 Адамзат мәдениетінің

2Париждегі әйнек пен металл

3Иә, шынында, табиғаттың

4 Осындай құрылысы ерекше орындарды

Объяснение:

1000000000% правильно

4,4(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
даша2816
даша2816
23.03.2020

14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі — Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы — қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары — Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ

Күшейген кезі

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

Жаңа дәуір

1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

4,5(61 оценок)
Ответ:
AnVe
AnVe
23.03.2020
Жаңа заманның жазушылары Бейімбеттей шынайы өмірді көз алдымызға әкеле алады деген пікірге құлақ асайын десек, оған нақты дәлел бола алатын шығарманы кезіктіре қоймаған секілдіміз. Мұны жас сыншы Нұрбек Түсіпхан былай топшылайды: «Бұл мәселенің бірнеше себебі бар деп ойлаймын. Алдымен жазушылық шеберлік жетпейтін шығар. Бейімбеттің кейіпкерлеріндей жиынтық, типтік образдарды күнде жаныңызда жүрген адамдардай дәл суреттеу оңай шаруа емес. Ондай кейіпкерлерді тудырып, оқырманның бәріне де, барлық сатысына да түсінікті етіп жазу – Бейімбет Майлин сияқты суреткер жазушылардың ғана қолынан келеді деп білем. Екіншіден, қазіргі жазушылар Кеңестік жүйенің құрсауынан құтылған соң этнографиялық, қазақтың түпкі тарихы, тегі туралы, анығында көк бөрі ұғымы жайында көбірек жазады. Бұл – ұлттық психологияны ашуға талаптанудың көрінісі. Ұлт ретінде өзін-өзі тануға талпынған әрекет. Алайда, қазіргі жазушылардың басым бөлігі ғаламдық мәселелерге қызығады да жеке тұлғаның жан-дүниесін жазуға, күрделі психологиялық арпалысты суреттеуге келгенде ақсай береді. Мәселен, сол Бейімбет Майлин өзі күнде көріп, араласып, сөйлесіп, пікір алмасып жүрген жандардың образын ашты. Олардың көбі Мырқымбай, Жалбыр, Таңсық, Мұқыш – бәрі де қарапайым жандар. Оның кейіпкерлері Ленин, Сталин, Троцкий емес қой. Қарапайым сауыншы, шаруа адамы, малшы, жалшыларды жазу арқылы қоғамдық құбылысты, қазақ халқының саяси бетбұрысын сипаттай алды. Үшіншіден, бүгінгі ақын-жазушылар бір-бір ұлттық тұлғаларға, қайраткерлерге жабысып алады да, соның шеңберінен шыға алмай қалады. Аттары тарихта қалған тұлғалар туралы көркем шығарма жазу арқылы өздері де тарихта қалғысы келетіндей көрінеді кейде. Шын мәнінде, жазушы өзін, өзі өмір сүріп отырған ортасын жазса кейінгі ұрпаққа сол маңызды. Өзі бір дәуірде өмір сүріп отырған замандастарын ашып көрсетсе, бүкіл қоғамдық санаға серпіліс болар еді. Бүгінгі әдебиетте бүгінгі күннің кейіпкерлері жоқ емес, аз да болса бар. Тынымбай Нұрмағамбетов әңгімелерінің көбі көзіміз көріп жүрген жандар. Саясаттан алшақ, қарапайым тұрмыс иелері. Жазушының осы ерекшелігі де жетістігі дер едім. Ал, бүгінгі күннің қоғамдық, саяси тұрғыдағы жиынтық образдары әлі туады, жазылады деп сенем. Үміт үзуге хақым жоқ».
Иә, үміт үзуге хақымыз жоқ. Дегенмен Бейімбеттің әңгімелеріндегі колхоз бас­тығы Досан, ауылдық кеңестің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, одан бөлек, Мұқыш, Күлпәш, Мақтым, алаяқ Көдебай, Әліш, Пүліштердің тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі көз алдымызға келетіні жасырын емес. Бүгінгі шығармалардан алаяқ Көдебайдың образдары дәл осылай елес берсе, әдебиеттің көркемдігі ашылар еді ғой дейді бір ойымыз.
Тағы бір ойым, бүгінгі өмірді жинақтап әкеп, біздің көз алдымызға көрсетіп беретін, нағыз талант тумайынша, қа­зіргі әр-әр жерде жылт-жылт еткен шалажансар шығармалардан Бейімбеттің кейіпкерлерін іздеу – қараңғы үйден қара мысықты іздегенмен бірдей емес пе дегенге саяды.
Қалай десек те, Бейімбет – біреу екен. Қазақ-кеңес әдебиетінің жөні бөлек. Ол кездері жақсы шығарма, шынайы кейіпкер туылмады емес, туды. Бірақ олардың көбі кеңестік идеологияның жетегінде кетті. Ал біздің ендігі үміт Бейімбет сияқты нағыз суреткерлер өмірге келіп, шынайы қоғамның көрінісін дәл суреттеп беретін ұлы шығармалардың тууын күту ғана. Сонда ғана тәуелсіз қазақ әдебиеті жасалады.
4,6(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ