Лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегІНІҢ Жыр- МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
4-тапсырма. Мәтінді оқы. Түсінгеніңді айт.
Мұқағали
шысы. Туып, өскен жері – Алатау мен Қарасазды көп жырлаған. Халын
арасында тараған әні көп. Олар: «Есіңе мені алғайсың», «Құттықтаймын,
мама, туған күніңмен!», «Тоқта, балам!», «Саржайлау» т. б.
Бірде Нұрғиса Тілендиев Мұқағалимен бірге ақынның ауылы
Қарасазға демалуға барады. Екеуі жайлаудың төрінде отырады. Жай-
лау табиғатының сұлулығына тәнті болған композитор: «Неге мына жа-
сыл жайлау туралы ән шырқамасқа! «Нағыз Саржайлау» Мына жатқан
Шалкөденің төсі емес пе!?» дейді.
Сол жерде Мұқағали Саржайлауға арнап өлең жазады.
«Алматы ақшамы» газетінен помагите по этому тексту надо написать конспект краткий помагите
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхарадағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүриті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Сопылық идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуан-и Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған.
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мистикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.