М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
omtanya
omtanya
25.01.2021 20:33 •  Қазақ тiлi

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған. Ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тап. Ақпарат Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананы ерекше құрметтемген. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі..

👇
Открыть все ответы
Ответ:
asmolova2
asmolova2
25.01.2021

1) МЕТАФОРА, АУЫСТЫРУ – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Метафораның күнделікті сөйлеу тілінде кездесетін қарапайым түрлері: іші күйіп, бойы мұздап, орақ ауызды, от тілді деген секілді болып келеді.

Мысалы:

Көздің жасы, жүректің қаныменен

Ерітуге болмайды ішкі мұзын. (Абай).

Ақынның жан тебірентерлік сөзі көзінің жасымен, жүрегінің қанымен араласып шыққандай болса, соған да селт етпейтін, мән бермейтін, іші жылымайтын адамды ішіндегі мұзы ерімейді деу – бұл бейнелеп суреттеуге шеберлікті, оп-оңай көзге түсе бермейтін ұқсастықты, жақындық-жалғастықты көре білетін тапқырлықты аңғартады.

Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,

Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.

Қиялы, жан, жүрегі – ойнаған от,

Ақынды аласұртар, тыныштық бермей. (Мағжан).

Метафораның осы мысалдан айқын көрінетін тағы бір өзгешелігі ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстыру емес, соларға балап айту.

2) Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр, дауыс, ақша бет деген сияқты бейнелі сөздерді алсақ, мұндағы сипаттамаларда қазақ поэзиясындағы, сөз өнеріндегі көркем ойлау жүйесіне тән өзгешелік бар. Мысалы, «Күйші» поэмасында Ілияс күйді алуан түрлі эпитеттермен сипаттайды. Жалынды күй, сарынды күй, ыныранған күй, ырғалған күй, жынданған күй, жандырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй, жорға күй, тәтті күй, шерлі күй деген сияқты ондаған сөз тіркесіндегі эпитеттер мейлінше мағыналы, әсерлі келеді.

3) ТЕҢЕУ – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы, Абай әдемі аударған Лермонтовтың «Қанжар» атты өлеңінде сұлудың қаракөзі оттың, жалынына ұсталған болатпен салыстырылады, бірақ бұл жай ғана ұқсату емес.Болатша дірілдеген жалын көрген, Бір күңгірт тартып, және оттай жанған, – деп, сұлудың көз нұры бірде күңгірт тартып, бірде жалтылдап, көзінен от ұшқындағандай сипатталуы – оның көзінің де, болаттыңда бірде күңгірт тартып, бірде от ұшқындап, жалтылдауы. Дәл осы өлеңдегідей теңеудің үшінші мүшесі, яғни ортақ сипат белгі үнемі анық көрсетіле бермейді, бірақ қалайда оны жобалап түсінуге болады. Өйткені екі нәрсені теңестіру үшін олардан ортақ белгі сипат, ұқсастықтабу шарт. Сол арқылы сырт қарағанда бірбірінен мүлде алшақ, алыс тұрған нәрселелерді, құбылыстарды да жақындастырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Мысалы, қымызбен қыз деген ұғымды жеке алғанда, олардан жақындық таба қою қиын.

Ал Ілиястың:

Қымыздай балға ашытқан тәттіқызға,

Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз,

–дейтінін еске алсақ, мұндағы теңеудің қисынды екенін еріксіз мойындаймыз. Бұл теңеу қыздың сөзі тәтті, мінезі сүйкімді, жүзі жылы деген сияқты көп мағына беріп тұр.

4,5(72 оценок)
Ответ:
mitioglodima81
mitioglodima81
25.01.2021

Өлең жолдарында кездесетін көркемдегіш тәсілдер:

1) Аллитерация кездеседі:

Буыршының жалғыз қырқар азуы.

Бөкеннің желіп өтер төрт саны. Бұғының ауыр қара мүйізі.

Бидайықтың жалғыз соғары,– деген жолдардың басында "Б" дыбысы қайталанып тұр.

Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Автор бұл әдіс арқылы әдеби тілді ажарлап,сөздің реңін келтіре түсті.

2) Өлеңде бірнеше эпитет бар:

Олар: жалғыз қырқар азуы,желіп өтер төрт саны,ауыр қара мүйізі,жалғыз соғары,ұзын құйрығы,Ақ Орданың.

Эпитет  – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын көркемдегіш тәсіл.Автор эпитет арқылы заттардың сипатын ерекшелеп тұр.

Объяснение:

4,6(93 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ