М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
panda312
panda312
20.08.2021 07:48 •  Қазақ тiлi

Баяғыда бір елге саудагерлер тауарлар алып келеді, тауарлардың арасында темен де бар екен. Тезірек сату үшін саудагерлер темекні мақтай бастайды. Сонда жергілікті бір
акылгөй шал жерлестеріне -Белар дарыс айтады. Темен шексеңдер, сендерді ит қаппайды,
түнде үйлеріңе ұры түспейді, ең бастысы-қартаймайсыңдар,-дейді. Саудагерлер боп сөзді
түсінбей шалға: -Қария, айтқаныңызды түсіндірмес пе екенсіз ?-дейді.
Сонда шал - Темек көп шексең, ағзаң әлжуаз болады, таяққа сүйеніп жүресің. Ал
таяғы бар адамды ит каппайды Ешнинден, көп жөтелесің, ал түнде ұйықтамай жетеліп
жатқан адамның үйіне ұры крмейді
. Ал қартаймау себебің-жастай елесің
Дескриптор
1 Мәтінді түсініп оны
2. Мәтінге тақырып кои
В. Соспар Р
4. Қария сөзінің астары неде? Тәрбиелік мәнін ашып жаз. (8-9 сөйлеммен)
5. Саудагер сөзіне дыбыстық талдау жаса​

👇
Ответ:
shum2
shum2
20.08.2021

ответ:2:)Қарияның ақылгөйлігі

3.1.Саудагерлердің айласы

2.Қарияның жұмбақтап сөйлеуі

3.Жұмбақтың мағынасын түсіндіруі

4 тапсырма.

Қарияның сөзін алғаш рет естіген адамға ол сөздер жұмбақ немесе ерсі болып көрінуі мүмкін,себебі жасы келіп қалған қария темекіні мақтамас еді,керісінше даттар еді.Бірақ ол жұмбақтап айтқан сөзінде көптеген ауыл кісілеріне ақсақал темекіні мақтағандай көрінді де,ал ол сөзінің мағынасын ашып айтқанда таңғалып қалды.Яғни қария осынау бір сөздері арқылы темекі атты үлкен жамандық алып келетін зұлымдықтың үстінен нүкте қойып тастады.Себебі темекіні көп қолдансаң денсаулығың төмендеп,таяққа күнің қарап қалатыны анық .Ал таяқ ұстаған адамнан иттер қорқады.Оған қоса темекі шеккен  адамның өкпесі көк түтінге толы болады.Ал көк түтін адамның өкпесін зақымдайды адам көп жөтеле бастайды.Мұндай жөтелді естіген ұрылар адамның ояу жатқаннын естиді.Үшіншіден адам  темекіден уланып қайтыс болып кетеді.Қартайып та үлгермейді.Сонымен қария осы мысалдармен темекінің адам үшін қаншалықты зиян екенін көрсеткісі келді.

5.

Саудагер; сау-да-гер 3 буынды

Объяснение:

4,4(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mrtwice
mrtwice
20.08.2021
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан.

Ескерткіштің координаттары: 490 градус 20 сағат солтүстік ендік, 860 градус 22 сағат шығыс бойлық. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған.

Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.

Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын).

Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді.

Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.

Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.
4,4(90 оценок)
Ответ:
diana20102007
diana20102007
20.08.2021

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады. Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.

Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км қашықтықта орналасқан.

Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы.

Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.

Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.

Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді. Әлемнің кеңдігі сондай, Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін- Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді.

Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1. Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2. Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3. Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.

Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ , олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, сондықтан әлемнің негізгі құрылымы – Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды. Галактикалардағы жұлдыздардың жасы да бірдей емес. Олардың центріне жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас жұлдыздар болып табылады.

Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.

Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Күнді айналатын планеталар мен денелер толығырақ зерттелген. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды: 1.Меркурий (Кіші Шолпан);

2. Шолпан;

3 Жер;

4.Марс (Қызыл жұлдыз);

5. Юпитер (Есекқырған);

6. Сатурн;

7. Уран;

8. Нептун. Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын – Плутонды кіші планеталар (астероидтар) қатарына қосайық деген келісім астрономдар арасында 2004 жылы қабылданды. Сонымен қатар Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрақты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды. Кометалар Күнге жақындағанда оның қатқан тоңы мен мұзы еріп, буланады да, шұбатылған түтік тектес із қалдырады. Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.

4,7(62 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ