М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lenka040670
lenka040670
08.10.2022 17:49 •  Қазақ тiлi

Сөйлем құрап, ойды аяқтаңдар. үнлгі: он саусағынанан өнер тамған оқушылар ортаға шықты. он саусағ қолынан келмейтіні қолөнермен айналысқ шебердің қ жігітке жеті өнер керекті сөздер: жоқ, өнер тамған, ортақ, аз, қор болмайды.

👇
Ответ:
Yleoliner
Yleoliner
08.10.2022
Қолынан келмейтіні жоқ ұста.  Қолөнермен айналысқан Азаматқа пайдасы тиді. Шебердің қолы ұста. Жігітке жеті өнер де аз,- деген қазақ мақалы.
4,4(95 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ээн
Ээн
08.10.2022
Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына, дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы, біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек қой. 
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар. Бірақ, солай екен деп қол қусырып немесе көпірме сөзді малданып отыра беруге болмайды. 
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың, Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі” газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр.
4,8(5 оценок)
Ответ:
Аdrian
Аdrian
08.10.2022

Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік-батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, жабайы шошқа, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан меңіреу құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұларлар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.

Рахман қайнары - шипалы жылы су көзi, Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.

Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады. 

4,6(61 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ