М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kalinkamalinka369
kalinkamalinka369
01.06.2021 04:05 •  Қазақ тiлi

Негізгі бөлімнің өңделген нұсқасын тап. Біріншіден, ХХІ ғасырдағы архитектураның , ғылым мен техниканың құлаштап дамығанының белгісі зәулім ғимараттар салына бастады. Адамдар әлемді таңғалдыру үшін жаңа кереметтерді ойлап тапты. Мысалы, биік мұнара салудан әзірге көш бастап тұрған мемлекет Араб елі. Олар патша мұнарасы атты ең биік ғимаратты салып жатыр. Бұл ғажап ғимарат әлем назарын аударып отыр, сондықтан жаңа кереметті жариялау керек. Екіншіден табиғаттың өз ғажаптарын пайдаланған дұрыс. Табиғаттағы шебер құрылыстарды қайта өңдеп, неше түрлі құрылыс кешенін салуға болады, Солардың бірі – Қытайдың Даванг таулы шипажайы. Онда дамалсаңыз керемет. Мұз айдыны мен жабық шаңғы кешенінде уақыт өткізесіз, аквапаркпен қатар аспалы бақшаны аралайсыз, бұның бәрі ғажап емес пе?!
1.Ойымды дәлелдер болсам, біріншіден әлемнің әр бұрышында аспанмен таласа бой көтерген заңғар биік, ғаламат кешендер салына бастады. Мәселен, Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Араб елінің төрінен орын алған бұл ғимаратта кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ. Сонымен ХХІ ғасырдағы архитектураның тамаша жетістіктері болып саналатын ғажап құрылыстар жаңа кереметтердің тізіміне әбден лайық.
Екіншіден, адамзаттың ой қиялы дамығаны соншалық- оларды көне ғажайыптармен таңғалдыра алмайсың, олар жаңа кереметтерді іздейді. Мысалы, қос жартаспен «құшақтаса орналасқан» Қытайдың Даванг таулы шипажайы – табиғаттың нағыз кереметі. 170 метр аумақты алып жатқан алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын алған. Қазір туризмнің, круизмнің дамыған дәуірі. Әлем туристерінің мәдени-танымдық қызығушылық қабілеттерінің артуы әлемде ұлтаралық, мәдениетаралық байланыстың дамуына әсер етеді. Сондықтан осындай таңғажайып орындарды әлем жұртшылығының назарына ұсыну қажет-ақ.
2.Біріншіден, ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – әлемнің әр бұрышында аспанмен таласа бой көтерген заңғар биік, ғаламат кешендер салына бастады. Мәселен, Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Араб елінің төрінен орын алған бұл ғимаратта кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ.
Екіншіден, табиғатттың өз ғажайыптарын а қызмет етуге мәжбүрлеген адамзат жасампаздығына сөз жоқ. Мысалы, қос жартаспен «құшақтаса орналасқан» Қытайдың Даванг таулы шипажайы – табиғаттың нағыз кереметі. 170 метр аумақты алып жатқан алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын алған.
3.Біріншіден, Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Араб елінің төрінен орын алған бұл ғимаратта кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ. ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – әлемнің әр бұрышында аспанмен таласа бой көтерген заңғар биік, ғаламат кешендер салына бастады.
Екіншіден, жартаспен «құшақтаса орналасқан» Қытайдың Даванг таулы шипажайы – табиғаттың нағыз кереметі. 170 метр аумақты алып жатқан алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын алған. Биіктігі 828 метрге жететін «Бурж Халифа» мұнарасы әзірше әлемдегі ең биік және ең көп қабатты құрылыс ретінде Дубайда бой көтерді.

👇
Ответ:
stiles1996
stiles1996
01.06.2021

Ойымды дәлелдер болсам, біріншіден әлемнің әр бұрышында аспанмен таласа бой көтерген заңғар биік, ғаламат кешендер салына бастады. Мәселен, Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Араб елінің төрінен орын алған бұл ғимаратта кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ. Сонымен ХХІ ғасырдағы архитектураның тамаша жетістіктері болып саналатын ғажап құрылыстар жаңа кереметтердің тізіміне әбден лайық.

Объяснение:100% ответи осы өзім осылай істедім

4,7(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
cat12213113
cat12213113
01.06.2021
Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады. Бұл мәселені ГМО арқылы бірден шешуге болады. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Қалай десек те, гендік тұрғыда өзгерген өнімдер адамзат өміріне дендеп еніп келеді. Бір мемлекеттер оларды шығаруға, таратуға заңмен қатаң тыйым салса, кейбір елдерде рұқсат берілген, келесілері либерал көрқарас ұстанады. Мәселен, қазіргі кезде Ресей Думасы ГМО өнімдерін елге кіргізуге тыйым салу туралы заң жобасын талқылап жатыр. Яғни бұл саланы мемлекеттік тұрғыда бақылауды қолға алмақ. Ал Қазақстанда бірнеше жылдан бері олардың пайдасы мен зияны туралы қанша рет талқыланса да, мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені нақты сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі шеттен келетіндіктен, сарапшылар Қазақстан дүкендерінде де құрамында гендік тұрғыда өзгеріске ұшыған компонентттері бар азық-түліктер дүкен сөрелеріне түсе бастағандығын айтады.  Дегенмен ел Президенті биылғы жолдауында агросекторды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, ГМО  өнімдерінен қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп тұжырымдады. Алайда, Қазақстанда әлі күнге ГМО өнімдеріне қатысты заңдық негіз қалыптаспады. Тек 2010 жылы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңы күшіне еніп, сол жерде бір-екі ауыз айтылады. Аталмыш заң өндірушілерді егер өнім құрамында ГМО 0,9 пайыз және одан да жоғары болатын болса, өнімдерін маркілеуді міндеттейді. Маркілік таңбаның жоқтығы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, лицензиясынан айыру немесе бұл іспен айналысуға 3 жылға дейін тыйым салу қарастырылған. Осыдан 2 жыл бұрын «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламентке жолдаған болатын. Сол кезде Ұлттық биотехнологиялық орталықтың директоры Ерлан Рахманқұлов бұл заң бір жылдың ішінде қабылданады деп мәлімдеген еді. Алайда талай талқылаудан өтсе де, нақты шешім қабылданған жоқ. Ақпан айының басында ауылшаруашылыгы министрлігі таратқан ақпаратта бұл заңның әлі күнге Парламенттің төменді палатасында жатқандығы айтылады.  Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз – гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Бұл өзгеріс өсімдік геніне жануалардың генін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, құрамында ГМО кездесетін өнімдерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ құрамы гендік өзгеріске түскен азық-түліктер (трангендік бұршақ, соя), екінші топ – трангендік шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған азық-түлік өнімдері (соя сүті, қызанақ пастасы, соя қосылған түрлі шұжықтар, чипсы, бұршақ өнімдері). Үшінші топ – трансгендік жеміс-жидек пен көкөністер.   Гендік инженерияның иновациясы саналатын бұл тәсіл өсімдіктер әлемінде кеңінен пайдаланылады. Ең алғашқы гененикалық негізі өзгертілген ағза – ішек таяқшалары болған. Ал 1978 жылға қарай трансгендік адам инсулині пайда болды. Ол қазіргі кезде дәрі-дәрмек шығаруда кеңінен қолданылады. Гендік тұрғыда өзгертілген ең бірінші өсімдік – темекі. Бұндай өзгеріс  өсімдіктердің өнімділігін арттырып, қуаңшылыққа, түрлі ауруларға, құрт-құмырсқаларға төзімділігін жоғарылатады. Алғаш рет азық-түлік нарығында трансгендік өнімдер АҚШ-та 1994 жылы пайда болған. Бұл ұзақ сақталатын қызанақ пен соя еді. Осыдан кейін өндірушілер азық-түлік нарығына бірінен соң бірі түрлі трансгендік өнімдерді ұсына бастады. Қазіргі кезде АҚШ-тың азық-түлік өндрісінің 70-80 пайызына ДНҚ-сы өзгертілген құрамдас заттар кіреді.  Ал БҰҰ-ның экономикалық әріптестік және даму ұйымының мәліметін сүйенсек, қарзіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде картоптың гердік тұрғыда өзгертілген – 24, сояның –11, бұршақтың 32 түрі бар екен. Одан бөлек қант қызылшасының үш түрі, күріштік 5 түрі, қызанақтың трансгендік 8 түрі тіркелген. Гендік модифкацияланған өнімдер табиғи өнімдердан анағұрлым арзан болғандықтан, азық-түлік өндірушілер үнемдеу мақсатында пайдаланады. 2000 жылы биоқауіпсіздік туралы Картахен келісімі қабылданған. Бұл құжатта көптеген мемлекеттердің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарасы белгіленеді. Оған 166 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл құжатта зияндылығы дәлелденген жағдайда, кез-келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп танылсын деп жазылған. Алайда ондай өнімдердің зияндылығын дәлелдеу оңай емес. 
4,6(21 оценок)
Ответ:
tarlavinEgor
tarlavinEgor
01.06.2021

Компьютердің пайдасы мен зияны туралы.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар Интернет арқылы әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Енді зиян жағына келер болсақ:

- Ең бастысы көп қолданса, денсаулыққа зиян, әсіресе көз бен арқаға көп зиян.

- Тым көп пайдалану компьютер мен ғаламторға тәуелділікке әкеліп соғады.

- Уақытты тиімді пайдаланбай, қалай өтіп кеткенін байқамайсың.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.

4,8(77 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ