Ғаламтордың пайдасы мен зияны.
Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Демек, пайдасы көбірек болып тұр.
Ия, менің пікірімше, қазіргі жастарда ғаламторға деген тәуелділік бар.
Ғаламторға деген тәуелділіктен бірден құтылу қолдан келмес. Бірақ, күнделікті пайдаланатын уақытты аздап азайтып отырса және тек қажет уақытында ғана жұмыс жасап, бүкіл бос уақытты сарп етпесе, біртіндеп құтылуға да болады.
Әлбетте, білеміз және оны әрдайым жадымызда ұстау керекпіз.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың ...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
М.Жұмабаев