3-тапсырма. Мәтінде айтылған таулардан бөлек қандай тауларды білесіңдер? Елімізде бірнеше танымал әрі табиғаты әсем таулар бар. Түрген шатқалы, Сарыарқа, Мұғалжар, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы – Қазақстанның белгілі таулары. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орналасқан. Орташа биіктігі 500-600 метр. Сарыарқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажай аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы /657 м/. Маңғыстау таулары Каспий теңізіндегі Маңғыстау жартыаралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым.
Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс.
Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830-шы жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен
халық Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады