1)Атадан мал қалмасада, тал қалсын
2)Атасыз ұл ақылға жарамайды
Анасыз қыз жасауға жарамайды
3)Атасы бұлан атпағанның,
баласы құлан атпайды
4)Баласыз ана-гүлсіз алма
5) Ата балаға шыншыл
6) Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
7) Үлкен бастар, кіші қостар
8) Әзілің жарасса атаңмен ойна
9) Ана алақанның аясы
Ақ шынардың саясы
10)Ағайын алтау
Ана біреу
11)Ананың сүті бал
Баланың тілі бал
12) Ананың сүйген жері отқа күймейді оқта тимейді
13)Ананың алды ақ жайлау
14)Бала ананың бауыр еті көз нұры
15)Мылқаудаң тіліне анасы түсінеді
16) Анасын сүйгеннің баласын сүй
17) Баланың өзі болғандай
Келіннің өзі келгендей
18)Өзім асыраған күшігім өзімді қапты
19) Бөрі баласын асырағанмен ит болмас
20)Қадіріңді білмеске, қадамыңды көтерме
21) Таршылықты көрмеген , кемшілікті көрмейді
22)Өзі болған қыз төркінін танымайды
23)Есекті отқа адасаң , боққа қашар
24)Біреу, біреуді сүйеу
25) Адамның күні адаммен
26) Бейтаныс кісі, бітеу жаңғақ
27) Адам қағысы заман қағысы
28)Әркімнің өзі шығар білігі бар
29)Адам бір-біріне қонақ
30)Саңырауға сәлем десең атаңның басы дер
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Терінің құрғақтығы
Туындау себебі:
Е дәруменінің жетіспеушілігі
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Ас мәзіріне күнделікті жаңғақ, балық майы және өсімдік майын қосу керек.
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Шаш пен тырнақтың сынғыштығы
Туындау себебі:
B дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығы
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Дәнді дақылдар мен ботқа жеу керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Қызылиектің қанауы
Туындау себебі:
C дәруменінің жетіспеушілігі
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Пияз бен сарымсақ, жеміс-жидек жеу керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Ұйқысыздық
Туындау себебі:
Магний мен кальцийдің аздығы
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Сарыөрік, абрикос, қараөрік, қызылша жеу керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Аяқ қолдың тартылуы
Туындау себебі:
Калий мен магнийдің аздығы
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Жоғарыдағы өнімдерді тұтыну керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Шынтақ терісінің тілімделінуі
Туындау себебі:
A және C дәрумендерінің жетіспеушілігі
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Барлық қызыл сары түстес көгөністерді тұтыну керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Тұздыға құмарту
Туындау себебі:
Қуық-несеп жолдарының қабынуы
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Тәттіге құмарту
Туындау себебі:
Жүйке жүйесінің жұқаруы
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Ағзаға глюкоза қажет. Мұндайда бал мен шоколад көмектеседі
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Пістеге құмарту
Туындау себебі:
Антиоксидаттардың жетіспеушілігі
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Қышқылға құмарту
Туындау себебі:
Өт қабы мен бауырдың жұмысы
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Лимон мен мүкжидекті ас мәзіріне қосу керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Ащыға құмарту
Туындау себебі:
Асқазан-ішек жолдарындағы жайсыздық
Денсаулықтағы кемшіліктерді жөнге келтіру:
Ағзаны тазарту керек
Денсаулықтағы кемшіліктер:
Теңіз өнімдеріне құмарту
Туындау себебі:
Йод тапшылығы
Объяснение:
можно лучший ответ:)