М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lilianochka1
lilianochka1
18.03.2021 17:36 •  Қазақ тiлi

Шығанақ Берсиев пен Ыбырай Жақаевтың ауыл шаруашылығына сіңірген еңбегі туралы эссе жазу​

👇
Ответ:
Alina560
Alina560
18.03.2021

Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.

Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: “Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.

Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтың белгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оның қасиеті сол, ол адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ етпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердің тісі бола бермейді ғой, оның үстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімнің де оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соң шала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады.

Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді.

Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдың тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдың бағы жанып, оны өсіруге мән беріліп, нәтижесінде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осының өзі біздің халқымыздың дәрежесін, мүмкіншілігін, қарым-қабілетінің артық болмаса, ешкімнен де кем еместігін көрсетіп тұрған жоқ па? Сондықтан да жақсылықты да, жаңалықты да өз елімізден, өз жерімізден, өз халқымыздан іздеуіміз керек.

Ыбекеңді айтқанда Шығанақ Берсиевті, Жазылбек Қуанышбаевты, Нұрмолда Алда­бергеновті бірге атағанымыз орынды ғой деп ойлаймын. Жақсы адамдар тірісінде қатарласып бірге жүргісі келеді, өлгенде де рухтарының бірге болғанын қалайды. Бұл төртеуі де еңбектің пайғамбарлары. Тағдырлас, замандас олар қазақтың беделі мен берекесін, абыройы мен атағын арттыру үшін жаралған жандар. Халқымызға, елімізге тарихтың, уақыттың, Алланың тартқан сыйы.

Ыбекең мен Жазекеңнің арасындағы түсіністік, тілектестік, ілтипат, сыйластық, достық бірге туғаннан да артық, елге өнеге, үлгі боларлық екі ұлы адамның шынайы, жарқын да жарасымды достығы еді. Кезінде Жазекең Ыбекеңе інілік жолмен сәлем беріп те, көңілін сұрап та келетін. Ал 1981 жылы Ыбекең тоқсанға таяп қайтыс болғанда, Жазекең ағасын соңғы сапарға шығарып салуға да келді. Ата жолымен алыстан көлігінен түсіп, жаяу “ой, бауырымдап” зор дауысымен езіліп, егіліп, жылап елдің көңілін босатқан еді.

Жарықтық Ыбекең: “Жылай білу де үлкен қасиет. Ол мұң, зар, үн сыртқа шықпаса, адам езілмесе, егілмесе, тазармаса, көңіл-күйі көмулі қалады да, а тебірене білмейтін қара тасқа айналады”, – деуші еді. “Москва слезам не верит” дегенмен, қазақ көз жасына қатты сенеді, сезінеді.

Ыбекең мен Жазекеңнің үлкен достығы жөнінде Асқар Тоқмағамбетов:

“Кездесті, міне, солай екі батыр,

Боп қалды қосылғандай екі ғасыр,

Бірі тау, бірі теңіз секілденіп,

Екеуі жұбын жазбай келе жатыр,” – деп шабыттана жырлайды.

Ыбекең, Шықаң, Жазекең, Нұрекең – “диқан ата”, “шопан ата”, “дала академигі” – ХХ ғасырдың нағыз еңбек тарландары. Еліміздің тарихында осы төрт шалдың алар орны ерекше.

Объяснение:

4,4(34 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, Абай әндері (кесте), плакатқа жазылған өлең жолдары. М.Әуезов «Абай жолы» романы, Абай фотослайд,түнгі табиғат көріністері бейнеленген слайд. ... Абай әндерін түрлі тақырыптарда жазды. Мысалы: табиғат туралы әндер, махаббат сезімі туралы әндері, үлгі-өнеге, тәрбиелік мәні бар, сыншыл әндері бар. «Көзімнің қарасы». ... Үйге тапсырма: Оқулықтан «Абай және оның әндері» тақырбын оқып, «Желсіз түнде жарық ай» әнінің сөзін жаттау. Ұлы Абайға арналған сабағымызды мына өлеңі жолдарымен аяқтағым келіп тұр: Парасатты болып туған.

4,6(85 оценок)
Ответ:
Smpl
Smpl
18.03.2021
Пппррпрдджзз в этом тексте 1 страница 33 5555е5 5р55п5п5п и не возвращается в спор деревьев как части суд игрались путешествие облачка 44 и в переносном значениях многозначные глаголы подбери синоним к слову прыгать бегать 444 в машине и в переносном значениях многозначные глаголы подбери синоним к слову прыгать бегать подниматься скакать и не возвращается в спор деревьев как части суд игрались путешествие облачка семья и в переносном значениях многозначные глаголы подбери синоним к слову прыгать бегать подниматься скакать и не возвращается в спор деревьев как части суд игрались путешествие облачка семья и в переносном значениях многозначные глаголы подбери синоним к слову прыгать бегать подниматься скакать и не 55 в этом тексте 1 страница 33 только 33. Ппмппе и не возвращается в спор деревьев как части суд игрались путешествие облачка семья и в переносном значениях многозначные глаголы подбери синоним к слову прыгать 5 в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и в России и
4,8(48 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ