1-тапсырма. https://youtu.be/CZZJRPTgNE сілтемесі арқылы бейнебаянды мұқият тыңда. Бейнебаяндағы Тоқтар Әубәкіровтың жер туралы айтқан сөзін тырнақшамен берілетін төл сөздің тыныс белгісін сақтай отырып, жаз.
2-тапсырма. https://youtu.be/CLZzJRPTgNE Тыңдалған бейнебаян материалы негізінде төмендегі сұрақтарға толық жауап жаз.
1. Қазақтың ғарышкерлерін атап жаз.
-
2. Тоқтар Әубәкіров дүние жүзіндегі нешінші ғарышкер?
3. Тоқтардың қандай ғажап өнері бар және ол қандай өнері үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген?
4. Талғат Мұсабаев әлемнің нешінші ғарышкері?
5. Ғарышта қанша уақыт ашық ғарыш кеңістігіне болған?
6. Талғаттың тағы қандай бейресми атағы бар? Оған қатысты қандай оқиға болған?
7. Қазақтың үшінші ғарышкері кім? Ол туралы қандай қызықты мәлімет білесің?
8. Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіровты қандай оқиғалар байланыстырады?
9. Тәуелсіз қазақ елінің қандай жетістіктерін білесің?
10. Елордада ғарышты зерттеуге арналған қандай орталықтар жұмыс істейді?
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген, Жәндіктің киік деген баласы бар...
Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен...
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды-ау теңгермедім. Көздері мөлдір қара ақ бөкенді, А кем көрмедім...
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға, Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ әдет қылған киікті атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп. Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп, Мергеннің кеудесінде оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны, Қиналып ентігеді шыбын жаны. Боялып ақ денесі қызыл қанға, Келеді әлі бітіп, жығылады...
Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?..
Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..