М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sfinks98
sfinks98
30.03.2021 00:05 •  Қазақ тiлi

5. «Ой кестесіндегі» пікірлерінді жинақтап, «Мен таңдаған маман дық» тақырыбында аргументативті эссе жазыңдар.​

👇
Ответ:
Cказочник
Cказочник
30.03.2021

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын арман болмайды.

Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым.

Осы сұрақтың жауабы ұстаздық сала еді. Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.

Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.

Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған осынау ұлылар мен мектепте сабақ берген ұстаздарым еді. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар мен ұстаздарымның алдында басымды иіп алғысымды білдіремін.

Мен таңдаған мамандық –тарих пәні мұғалімі болу. Мектепте тарихты сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым. Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма екі жылдай болды.

Мамандығым өзімме қатты ұнайды.

Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.

Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.

Бүгінде осы мен таңдаған тарихшы мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

4,6(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
TimGoPro
TimGoPro
30.03.2021

Күнделікті суды үнемдеп жұмсау арқылы қоршаған ортаға пайда әкеле аласың.Себебі, судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызыметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор."Сулы жер-нулы жер" дейді халық мақалы. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты."Судың да сұрауы бар" деп ата-бабаларымыз бостан босқа айтпаған. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады.Су адамның қолымен жасалатын нәрсе емес. Алла тағаланың адам үшін жаратқан ұшан-теңіз байлығы болғандықтан, суды да қадірлеп, ықтияттап, бағасын түсініп, орнымен қолданып, әрі аялай білуіміз керек

4,4(56 оценок)
Ответ:
Lidyanka
Lidyanka
30.03.2021

Мен бүгін оянып, тұрып, жуынғанымда, кенеттен маған бұл әлемде бәрі түсінікті болып көрінді, Мен қалай өмір сүру керектігін білемін. Адам жұмыс істеуі керек, ол кім болса да, терімен жұмыс істеуі керек, және бұл оның өмірінің мәні мен мақсаты, бақыты, ынта-жігері. Көшеде аздап жарық түсіп, тастарды ұрып жатқан жұмысшы немесе шопан немесе балаларға сабақ беретін мұғалім немесе теміржол машинисі болу қаншалықты жақсы... О, Құдайым, адам емес, өгіз Болған жақсы, жай ат Болған жақсы, тек жұмыс істеу керек,

Объяснение:

4,6(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ