1)Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Тыйым сөздер балаларды тәртіпке салудың басты құралы болып табылады.
2)Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.
3)Табалдырық – қазақта қасиетті ұғым.
4)Ол үйдің сырты мен ішінің шекарасы, босағаның мықты болуының кепілі ғана емес, құт пен кедейліктің де шекарасы. Табалдырық – бақ пен сордың қарауылы екен.
5)Табалдырықты баспа, бақыт қашады
•Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма
•Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама
6)Табалдырық – құттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса – жұтайсың, құтты адам аттаса – құтаясың.
7)Жас келін түскенде босағада отқа май құйғызып барып, табалдырық аттатқан. Келін табалдырықтан аттағанда шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен кіргізген.
Лалалалалплпоппооа ээуэуэу