Қысқарған сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Мамыр айының он бесінде Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ мүше елдерінің саммиті өтті.
АҚШ президенті кезекті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.
Менің әпкем Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ тілі» мамандығы бойынша білім алуда.
ҚР – ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Келер жылы Алматы қаласында ТМД елдерінің басшыларының кезекті кездесуі өтеді.
Бір жыл ішінде інімнің бойы бес см – ге өсіпті.
ҚХР - ның Қазақстанмен шекаралас жерінде бауырлас қытай қазақтары Наурыз мейрамын атап өтті.
Болашақта оқуымды ойдағыдай тәмамдап, ҰҚК – де қызмет істейді армандаймын.
ҰБТ қорытындыларына сәйкес Қазақстан бойынша Қарағанды облысының түлектері бірінші орында.
Менің атам көп жылдар бойы ІІМ – де абыройлы қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнетке шықты.
Ақпарат:
Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн.
Қосымша ақпарат:
Қазақстанда туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік сапарларына негізделетіні байқалады. 2016 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 6 509,4 мың адамды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 1,2 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (37,8 %), Ресей Федерациясынан (24,4 %) және Қырғыз Республикасынан (20,7 %) келген. Келудің негізгі себептері жеке (75,4 %) сапарлар болды, ал қызмет бабындағы іссапарлар (16,2 %), туризм мақсатында шамамен 1 %-дай болды.