Қазақ ғалымдары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды.Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктер енгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды.Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда,малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті.Малдың 10 жаңа,атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды.Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г. Г. Хитинковтың 6 еңбегін ескермеуге болмайды. Биолог-генетик, биология ғылымдарының кандидаты Н. С. Бутарин (1905-1961) будандастырылған шошқаның қазақ қолтұқымы топтарын шығаруда үлкен үлес қосты. Республикамыздағы ботаника ғылымының және ботаниктер мектебінің негізін қалаушы және ұйымдастырушы, ботаник, биология ғылымының докторы, профессор ҚазССР FA-ның академигі Н. В. Павлов (1893-1971) Ресейдің еуропалық бөлігіне, Кавказға, Байкал сыртына, Камчаткаға, Монғолияға, Орта Азия мен Қазақстанға экспедиция (қосын) жасады. Ол «Қазақстанның өсімдік шикізаттары» еңбегін жазды.Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазССР FA және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В. П. Кузъмин( 1893-1973) егістікдақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.
Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу (А. Ж. Жанғалиев, Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.
Республикамызда микробиологияны дамытуға Д. Л. Шамис, X. Ж. Жуматов, Н. Қ. Шоқанов, Ү. А Сартбаева, К А. Тілемесова, М. X. Шығаева, A. Н. Илялетдинов, т. б. көп еңбек сіңірді және зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. X. Ж. Жуматов Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.
Хамза Жұматұлы Жұматов (1912-1972) вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, «Тұмау миксовирустарының молекулалық биологиясы» еңбегін жазды.
Қазақстанда жануарлар дүниесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың орта кезінен басталды, соның нәтижесінде сүтқоректілердің 179 түрі, құстардың 479 түрі бар екені анықталып, омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түршелері, сондай-ақ бунақденелілердің - 96, шаянтәріздестердің - 1, былқылдақденелілердің - 6, құрттардың 2 түрі қорғауды қажет ететіні белгілі болып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. «Қазақстанның қансорғыш кенелері» монографиясын паразитолог, биолгия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі И. Г. Галузо (1899-1977) жазды. Ол Қазақстандағы протозоологиялық ғылымының дамуына тікелей үлес қосты. Қазақстанда ондатрды жерсіндіруде A. А. Слудский, И. А. Долгушин еңбек етті. A. А. Слудский, А. Бекенов, В. А. Фадеев «Бөкендердің санын қалпына келтіру және қорғаудың биологиялық негіздері, оларды Қазақстанның халық шаруашылығына тиімді пайдалану» атты еңбегі жоғары бағаланды. И. А. Долгушин (1908-1966) - орнитолог, биология ғылымының докторы, профессор. Э. И. Гаврилов, A. Ф. Ковшарь, М. Н. Корелов. М. А. Кузьмина, B. Ф. Гаврин, И. А. Долгушин 5 томдық «Қазақстан құстары» монографиясын басып шығарды.
Ғ. Қ. Ерғалиев - геология-минералогия ғылымының докторы, Ақсай мемлекеттік геологиялық қорықшасым (қаумалын) ұйымдастырды (1985). Ғ. X. Ерғалиев, Н. К. Ившин, И. Ф. Никитин, P. А. Борукаев: С. М. Бандалеmoe, В. Ф. Беспалов «Қазақстан төменгі палеозойының стратиграфиясы және палеонтологиясы» еңбегін жазды.
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.