Біздің заманымыз - дамыған заман, 21ші - ғасыр ойлаптапқыштар ғасыры, болашақтың ғасыры.
Заманымыздың дамығаны соншалықты адамдар ақылды көліктер, робот тіпті ақылды үйлерді ойлап тапты. Ал енді ақылды үйлерге тоқталатын болсақ, ақылды үй дегеніміз - жаңа заман талабына сай үй. Оны адамдар дыбыспен немесе пультпен басқара алады. Мысалы, терезені ашу үшін қолыңды 1 рет шапалақтасаң жеткілікті. Ал жарықты өшіріп, немесе қосу үшін 2 рет шапалақтау қажет. Бұл жай ғана мысал. Бірақ ақылды үйді дыбыспен басқаруға болатынына сенімдімін. Өйткені, ол - ақылды үй ғой!
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен.
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жаңғынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады.
Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал.
Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді, сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ үйлер мен демалыс үйлері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді.
Объяснение:
Сделай лучший ответ если не сложно)
Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.