Ар. Ор- Өзіңді тексер
дер.
боун»
1. Сойлеу ағынына сай сөйлем құрамындағы сөздердің бай-
ланысын қамтамасыз етеді.
A) Интонация
В) Сөйлем
C) Сөз
D) Тіркес
еріне
ңнің
2. Жалқы есімге айналған эпитетті күрделі атауды анық-
таңдар.
А) Шапырашты Наурызбай
В) Қыз Жібек
C) Мұхтар Әуезов
D) Ойсылқара
3. Интонацияның құрамдас бөліктері не үшін қажет?
А) Сөйлемнің мағыналы әрі мәнді болуы үшін
В) Сөздерді дұрыс жазу үшін
C) Сөйлегенде дұрыс ойлау үшін
D) Тіркестерді дұрыс орналастыру үшін
4. Жалқы есімдердің қайсысы бас әріппен жазылады?
A) Сын есімдер кісі есімінің алдынан келіп жалқы есім
болғанда, тіркескен сөздің барлығы бас әріппен жазы-
лады.
В) Сын есімдер кісі есімінің соңынан келіп жалқы есім
болғанда, тіркескен сөздің барлығы бас әріппен жазы-
лады.
C) Кісі атынан соң үстеулер келіп жалқы есім болғанда,
тіркескен сөздің барлығы бас әріппен жазылады.
D) Кісі атынан соң есімдіктер келіп жалқы есім болғанда,
тіркескен сөздің барлығы бас әріппен жазылады.
5. Кідіріс нені білдіреді?
А) Акустикалық дыбысталудың тоқтағанын білдіреді
В) Ойдың аяқталғанын білдіреді
C) Келесі сөздің жалғасқанын білдіреді
D) Сөз тіркестерінің оқылуын білдіреді
Объяснение:
Қазақ халқының жазу мәдениетінің қалыптасуы тарихына.
Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу
мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады.
Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай , әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп
қарастырады: а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VIII); ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VIII-
IX); б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (X-XI). Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу
ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен
қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған. (1)
Орхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап, кең
жайылған. Оның қолданылу тарихы V және IX-X ғасырлар аралығын қамтиды. ТекX-XI ғасырдан
бастап, Орхон-Енисей жазуының орнына біртіндеп ұйғыр жазуы, кейін түгелдей араб жазуы
қолданылатын болды.
X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің
ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі
тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол оншақты ғасыр бойы түркі халықтарының,
соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет еттіп келді.
Латыннан кирилл жазуына көшу. (2)
Араб графикасының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін турколог ғалымдар ХІХ ғасырдың
ІІ жартысында-ақ байқаған. Осыған байланысты Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Ильминский, П.
Милиоранский сияқты ғалымдар араб графикасын тастап, орыс графикасын алуды ұсынған.
Жазу мәдениетіне байланысты бірқатар пікір “Дала уалаяты” газеті бетінде де жарияланды: “Араб
әліпбиінде әуезбенен келетін жұмсақ әріп аз. Алайда болса араб әліпбиіменен қазақтар һәм басқа
мұсылман халықтары пайдаланып хат жазады. Ләкін қазақ сөздерінде жұмсақ әріптерменен
жазылатын әр түрлі әуездер көп”,- деп жазады Д.Сұлтанғазин. (3)
Байтұрсынов та атсалысып, араб графикасын қазақ тілі жүйесіне сәйкестендіруде зор еңбек етті.
Ол 1912 жылғы жарияланған мақаласында балалардың оқу саласында тез өсіп жетілуінің бір кілті
жүрген жазуымызды өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру, оны сәйкестендіру үшін
тілімізде қандай және қанша дыбыстар бар екенін ашып, соларға үйлесімді әріпті айқындау қажет
деп есептеді. А.Байтұрсынов араб графикасын реформа жасап, дүниеге өзінің “төте жазуын” алып
келді.