Домбыра - қазақтың халық аспабы. Домбыра - қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар - батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аимақтарында кездескен, қазірп кезде бүл аспап түрі тек Семей облысында сақталған. "Аңыздар" бөлімінде "Домбыра туралы аңыз" берілген.
Алтын адам
1969 жылы Есік қаласының солтүстік-батыс жағында, атақты Есік қорғаны орналасқан маңда автобаза құрылысы жоспарланады. Мұндағы үлш бірдей қорғандар жоспарланған құрылыс нысанының аймағына кіріп тұрған еді. «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес кез-келген құрылыс түсетін орынға алдын-ала археологиялық зерттеу жүргізілуі тиіс. Міне, осы мақсатпен КазақКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтына құрылыс пен археологиялық нысан жайлы келіп түскен хабар негізінде археологиялық зерттеу жүргізу үшін К.Ақышевтің басшылығымен экспедиция тобы құрылады. Бұл экспедиция К.Ақышев жетекшілік еткен Отырар археологиялық экспедициясының (№ 69 Бұйрық) сметалық негізінде Есік археологиялық отряды болып бөлініп, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтындағы археология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетов отряд жетекшісі болып тағайындалды (1969 жылдың 21 сәуіріндегі №54 Бұйрық) [2. 81 б.].
Есік қорғанындағы қазба жұмыстары 1969-1970 жж. екі маусым бойы жүргізілді (басты суреттегі фото - Ред).
барлық-жалғыз
тез дамыды-баяу дамыды
науқастары-саулары
тұңғыш рет-соңғы рет.