1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
A) Көкшетау
2. Дұрыс жазылмаған сын есімді көрсетіңіз.
A) Көкілдір
3. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Көрер
4. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
A) Үйгекел
5. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.
A) келін-кепшік
6.Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Бейсенбай
7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
A) Құлағын
8.Антоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Аштық - тоқтық
9. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз.
A) Соған, онысына
10. Болымсыз етістікті сөзді көрсетіңіз.
A) Оқымады
11.Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Мен сөйлеймін
12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.
A) Төрт
13. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз. A) Екібастұз
14.Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) Емделсе
15. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Қарармын
Азаматтық парыз — адам мен қоғам үйлесімділігін білдіретін әлеум.-этикалық ұғым, жеке тұлғаның туған жер, ата мекен, Отан, халықалындағы парызы.[1] Қазыбек би “Алтын ұяң — Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат” деген. Адамзат пен Отанды сүю тек азаматтық парыз емес, сонымен бірге ар-намыспен де байланысты. “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді” деген осыған мегзейді. Азамат үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі — нағыз адам болу. Адамға өз ісін жетік білу де — азаматтық парыз Пайғамбархадистерінде “үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім” деген ұлағатты сөздер бар. Азаматтық парыз адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Азамат өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезіну қажет. Азаматтық парыз азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және халықтың шынайы билігі бар жағдайларда толық жүзеге аса алады.