Бүгін мамыр айының 2-інші жұлдызы. Ауа-райы өте тамаша. Осы сәтті пайдаланып, мен достарыммен табиғат аясында болуды шештім. Біз әдеттегідей жоспар құрып алдық. Алдымен, барлығымыз керек заттарды дайындадық. Әрқайсысымыз анамыздың дайындап берген асын алып шықтық. Содан соң қаладан онша алыс емес тоғанға бардық. Барлығын жайғастырып, айналаға зер салып, біраз отырдық. Табиғат өте керемет! Барлығымыз тамсанып, кішкентай жәндіктерді біраз қызықтадық. Тамақтанып алған соң, ойын қуып күннің қалай ұясына батуға таман қалғанын түсінбей дал болдық. Үйге келген соң ата-анамызға болған жайдын барлығын айтып, барлығымыз тағы бірде шығуға уәделестік. Табиғаттың кереметтігі соншалықты, көз тоймайды!
"Ас- адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды.
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен.