Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
- Сәлем Райхан!
-Сәлем Надя!
- Сен Сырбай Мауленов туралы айтып бересің бе, әйтпесе мен кеше сабақта болмадым ғой?
-Әрине. Сұрақ қой, не білгің келеді?
-Сырбай Мауленов деген кім?
-Сырбай Мауленов - қазақ халқының белгілі ақыны.
- Туған жері қайда?
- Туған жері - Қостанай облысы, Жангельдин ауданы.
- Сырбай Мәуленовтің шығармашылық жолы қандай?
- Ақын - қырыққа жуық жыр жинақтың авторы. Тұңғыш өлеңі 1937 жылы Жамбыл облыстық " Колхозшы" газетінде жарияланса, 1948 жылы "Өлеңдер" атты алғашқы жинағы жарық көрді. "Жаңа көктем", "Дала таңы", "Көгілдір таулар", "Жер нәрі", "Апрель жапырақтары", "Таңдамалы лирикалары", "Жапырақтар жанады" деген жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. Сонымен қатар, Республика еңбекшілерінің қажыр-қайратын көрсететін "Үркер төбеде тұр" кітабы, "Жер нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы, естеліктер, этюдтер кітабы жарық көрді.
-Ал, балаларға арнаған шығармалары бар ма екен?
- Әрине. Танымал ақын балаларға арнап '"Барлаушы бала", "Құлыншақ", "Бала жолбарыс", "Қорқақ торпақ", атты өлеңдер мен әңгімелер жазды.
-Райхан, түсіндіріп айтып бергеніңе көп-көп рахмет! Енді мен Сырбай Мәуленов туралы жақсы білетін боламын.
Объяснение:
Сырбай Мауленов туралы диалог