4 часырма. Осыған дейін білетімдік тапсырмалар бойынша жин аған акпараттар негізінде есігің жұмысын орындап, көптілік ел-
дында органлар
І тоқсанға ұсынылатын жоба тақырыптары
Тілдік бағдар
соба метінінде бірге, бөлек е дефис арқылы
жазылатын сөздерді пайдаланындар. Сөйлеу мәден
ниетінің ерекшеліктерін ескеріңдер,
1-жоба тақырыбы: Біздің олкЕНІ ТАНЫ
Түймедақ гүлінің 1-3-тапсырмаларындағы жинаған мате
риалдарында пайдаланып, туристердің қызығушылығын
арттыру жолдарын көрсетіңдер. Мысалы: а) латын жарнама
дайындау; 9) туристерді тартуға кедергі келтіретін өзекті
маселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын ұсыну акаде
т.б.; б) өздерің тұратын аймақтың экологиялық мәселелері
туралы видеорепортаж дайындаңдар,
2-жоба тақырыбы: Ұлттық қҮндылықтАРДЫ
ҰМЫТПАЙЫҚ
Түймедақ гүлінің 4-5 тапсырмаларының материалдары
пайдаланып, белгілі бір салт-дәстүр туралы баяндандар.
3- жоба тақырыбы: ҰЛЫ ДАЛА КЕРЕМЕТІ
Түймедақ гүлінің 6-8-тапсырмаларының материалдарын
пайдаланып, қазақ жеріндегі бір нысанды, ол орналас
қан аймақтың тыныс-тіршілігін жан-жақты сипаттаңдар.
Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.