Менің жазғы демалысым жақсы өтті! Жазда мен өз достарыммен қыдырдым, теңізге барып шомылдық.Біз сонымен қатар Анапа қаласына да барған болатынбыз.Анапаға екі күн көлікпен жол жүрдік. Бұл қалада өте көнілді болды. Мен өзімнің құрбым Снежанамен жеті күн бойы бассейнға барып жүрдік.Бұл күндер өте тез өтіп шықты. Біз жиі таза ауаға,табиғатқа ата-аналарымызбен демалуға шықтық.Кейде көлікпен өзенге шомылуға шығып жүрдік,жиі таза ауада қауап пісірдік. Жиі саяжайға да барып жүрдік. Биылғы жазым менің көңілімнен шықты!
Менің арманымдағы мектеп-болашақтың мектебі, онда балалар оқиды жəне ол мектеп қазіргі мектептерге ұқсамайды. Ол мектепте сабақ 11 де басталар еді, əрі еркін киім үлгісі енгізілер еді. Мектепте үлкен жүзуге арналған бассейн жəне спорт алаңы бар. Мектепте жылы жəне жарық. Əр оқушының үстелінде өз компьютері бар. Мектеп кітапханасы түрлі қызықты кітаптарға бай. Ұстаздары да өте жақсы, ақылды жəне талантты. Біз концерттік шараларға жəне театрларға жиі барамыз, кейде би кешінде ұйымдастырамыз, бір сергіп қаламыз. Ол мектепте қиын бақылау жəне үй жұмыстары болмас еді. Менің қаламда ол мектеп ең жаңа мектеп болар еді. Жəне, ол мектептің де өзіндік ережелері болатын еді: мейілінше сабаққа кешікпеу, жаңа тақырыптарды мұқият тыңдау жəне т.б. Менің пікірімше, мектепте арнайы жəшіктер болуы керек, яғни, балалар оған өз оқулықтарын салып қояр еді.
Жиі саяжайға да барып жүрдік. Биылғы жазым менің көңілімнен шықты!